Last modified by Жадыра Сайлауова on 30.10.2025

Show last authors
1 **«Omarket.kz-тен коммерциялық ұсыныс сұрату» **функциясы Тапсырыс берушілерге бюджетті жоспарлау кезінде ыңғайлы болу үшін жасалынған.
2
3 Бұл функция көмегімен **Omarket.kz** платформасындағы тауарлардың нарықтағы медианалық бағалары туралы ақпаратты қамтитын талдамалық құжатты жылдам және автоматты түрде қалыптастыруға болады.
4
5
6 **Omarket-тен коммерциялық ұсынысты қалай алуға болады.**
7
8 Функцияны пайдалану үшін:
9
10 1. Omarket жүйесіне кіріңіз.
11 1. Қажетті тауардың карточкасына өтіңіз.
12 1. **«Omarket.kz-тен ұсыныс сұрату»** батырмасын басыңыз.
13
14 [[image:1761835466251-155.png]]
15
16 Батырманы басқаннан кейін ашылған терезеде тауар санын көрсету қажет және **«Қалыптастыру»** батырмасын басыңыз.
17 Жүйе құжатты автоматты түрде — жеткізушілердің қатысуынсыз қалыптастырады.
18
19 [[image:1761835478270-144.png]]
20
21 **Нарықтың медианалық бағасы:**
22
23 -  Егер жеткізушілер саны **тақ болса**, жүйе тізімдегі **орта бағаны** алады.
24 Мысалы, егер тауар бойынша 3 баға көрсетілсе, жүйе **2-ші бағаны** **медианалық **баға ретінде анықтап, оны құжатта көрсетеді.
25
26 -  Егер жеткізушілер саны **жұп болса**, жүйе **екі орта бағаның орташа мәнін** есептейді.
27 Мысалы, егер тауар бойынша 6 баға көрсетілсе, жүйе **3-ші және 4-ші бағаларды** алып, қосады да, нәтижесін 2-ге бөледі. Алынған мән **медианалық баға** ретінде анықталып, құжатта көрсетіледі.
28
29 Коммерциялық ұсынысты тауар бойынша **24 сағат **өткеннен кейін ғана қайта сұратуға тек болады.
30 Осы уақыт біткенге дейін тауар карточкасында кері санау таймері көрсетіледі.Сондай-ақ қалыптастырылған құжатқа өту батырмасы белсенді болады және қажет болған жағдайда құжатты қайта қарауға мүмкіндігі бар.
31
32 Нәтижесінде жүйе келесі атаумен **«Omarket.kz  тауар бағасына ұсынысын қарау»** файыл қалыптастырады.
33 [[image:1761835725336-222.png]]
34
35 Құжатта келесі ақпарат қамтылған:
36
37 * құжатты жасау негіздемесі — ҚР ҚМ және ҚР ҰЭМ тиісті бұйрықтарына сілтемелермен;
38 * жеткізуді ескере отырып, тауардың медианалық бағасы;
39 * тауардың сипаттамалары;
40
41 **Omarket - тен сұратылған коммерциялық ұсыныстар тарихын : **
42
43 Тапсырыс берушінің жұмыс кабинетіндегі **Мәзір → «Коммерциялық ұсыныстар»  → ** **«Omarket-тен КП»** бөлімінде көре аласыз.
44 [[image:1761835780228-816.png]]
45
46 Сондай-ақ сұратылған комерциялық құжатты тікелей  **тауар карточкасынан** да көріп, жүктеп алуға болады .Ол үшін **«Omarket.kz-тен коммерциялық ұсынысты қарау»** батырмасын басыңыз.
47
48 Егер алдыңғы сұраудан бері **24 сағаттан** аз уақыт өтсе, дайын құжатты қайта қалыптастырмай-ақ жүктей аласыз.
49
50 * **Сондай-ақ коммерциялық ұсыныс сұратуға болатын тауарларды табу жолы**
51
52 Каталогтағы 2 және 3 деңгейлі категориялар іздеу беттерінде **«Omarket-тен КП бар»** ауыстырғышы (фильтрі) қолжетімді.
53 Бұл деректерді көру үшін **«Каталог»** бөліміне өтіңіз,
54 [[image:1761835855604-322.png]]
55 қажетті 2 немесе 3 деңгейлі категорияны таңдаңыз,
56 кейін сүзгіде **«Omarket-тен КП бар»** параметрін орнатып, **«Қолдану»** батырмасын басыңыз.
57 [[image:1761835892267-470.png]]
58
59 Бұл сүзгі қосылған кезде коммерциялық ұсыныс сұратуға болатын тауарлар ғана көрсетіледі.
60
61 [[image:1761835904760-958.png]]
62
63 **Маңызды ақпарат**
64
65 * Құжат талдамалық сипатқа ие және тек **бюджеттік жоспарлау мақсатында** қолданылады.
66 * Онда жеткізу құнын қоса алғанда, жеткізушілердің ұсыныстары негізінде есептелген **нарықтағы медианалық баға** көрсетілген.
67 * Мәліметтер құжат қалыптастырылған күнге **актуалды** болып табылады.