Omarket-тен коммерциялық ұсыныс

Last modified by Жадыра Сайлауова on 30.10.2025

«Omarket.kz-тен коммерциялық ұсыныс сұрату» функциясы Тапсырыс берушілерге бюджетті жоспарлау кезінде ыңғайлы болу үшін жасалынған.

Бұл функция көмегімен Omarket.kz платформасындағы тауарлардың нарықтағы медианалық бағалары туралы ақпаратты қамтитын талдамалық құжатты жылдам және автоматты түрде қалыптастыруға болады.
 

Omarket-тен коммерциялық ұсынысты қалай алуға болады.

Функцияны пайдалану үшін:

  1. Omarket жүйесіне кіріңіз.
  2. Қажетті тауардың карточкасына өтіңіз.
  3. «Omarket.kz-тен ұсыныс сұрату» батырмасын басыңыз.

1761835466251-155.png

Батырманы басқаннан кейін ашылған терезеде тауар санын көрсету қажет және «Қалыптастыру» батырмасын басыңыз.
Жүйе құжатты автоматты түрде — жеткізушілердің қатысуынсыз қалыптастырады.

1761835478270-144.png

Коммерциялық ұсынысты тауар бойынша 24 сағат өткеннен кейін ғана қайта сұратуға тек болады.
Осы уақыт біткенге дейін тауар карточкасында кері санау таймері көрсетіледі.Сондай-ақ қалыптастырылған құжатқа өту батырмасы белсенді болады және қажет болған жағдайда құжатты қайта қарауға мүмкіндігі бар.

Нәтижесінде жүйе келесі атаумен «Omarket.kz  тауар бағасына ұсынысын қарау» файыл қалыптастырады.
1761835725336-222.png

Құжатта келесі ақпарат қамтылған:

  • құжатты жасау негіздемесі — ҚР ҚМ және ҚР ҰЭМ тиісті бұйрықтарына сілтемелермен;
  • жеткізуді ескере отырып, тауардың медианалық бағасы;
  • тауардың сипаттамалары;

Omarket - тен сұратылған коммерциялық ұсыныстар тарихын : 

Тапсырыс берушінің жұмыс кабинетіндегі Мәзір → «Коммерциялық ұсыныстар»  →  «Omarket-тен КП» бөлімінде көре аласыз.
1761835780228-816.png

Сондай-ақ сұратылған комерциялық құжатты тікелей  тауар карточкасынан да көріп, жүктеп алуға болады .Ол үшін «Omarket.kz-тен коммерциялық ұсынысты қарау» батырмасын басыңыз.

Егер алдыңғы сұраудан бері 24 сағаттан аз уақыт өтсе, дайын құжатты қайта қалыптастырмай-ақ жүктей аласыз.

  • Сондай-ақ коммерциялық ұсыныс сұратуға болатын тауарларды табу жолы

Каталогтағы 2 және 3 деңгейлі категориялар іздеу беттерінде «Omarket-тен КП бар» ауыстырғышы (фильтрі) қолжетімді.
Бұл деректерді көру үшін «Каталог» бөліміне өтіңіз,
1761835855604-322.png
қажетті 2 немесе 3 деңгейлі категорияны таңдаңыз,
кейін сүзгіде «Omarket-тен КП бар» параметрін орнатып, «Қолдану» батырмасын басыңыз.
1761835892267-470.png

Бұл сүзгі қосылған кезде коммерциялық ұсыныс сұратуға болатын тауарлар ғана көрсетіледі.

1761835904760-958.png

Маңызды ақпарат

  • Құжат талдамалық сипатқа ие және тек бюджеттік жоспарлау мақсатында қолданылады.
  • Онда жеткізу құнын қоса алғанда, жеткізушілердің ұсыныстары негізінде есептелген нарықтағы медианалық баға көрсетілген.
  • Мәліметтер құжат қалыптастырылған күнге актуалды болып табылады.