Әмияннан қаражатты қайтару

Last modified by Жадыра Сайлауова on 29.05.2025

2025 жылдың 1 маусымынан бастап жеткізушілер өздерінің жеке кабинеті арқылы қаражатты автоматты түрде қайтару өтінімін рәсімдей алады.

Қаражатты қайтару өтінімін беру үшін жеткізуші "Жеткізуші кабинеті" бөліміне, одан кейін "Жеткізуші шоты" – "Қаражатты қайтару" бөліміне өтуі қажет.

1748527584870-344.jpg

Ашылған бетте "Қайтарымды рәсімдеу" батырмасын басу қажет.1748527654094-655.jpg

Осыдан кейін жүйе өтінім формасына бағыттайды.​​​​​​​1748527731326-818.jpg

Бұл формада ұйым туралы : БСН/ЖСН, атауы, БИК, заңды мекенжайы, сондай-ақ көрсетілген ИИК нөміріне сәйкес алушы банкі мәліметтері автоматты түрде толтырылады
1748527939550-396.jpg

Одан кейін есепшот нөмірін (ИИК), КБЕ, қайтарым сомасын және телефон нөмірін көрсету қажет. КБЕ мәнін ашылмалы тізімнен таңдауға болады.​​​​​​​1748528068864-312.jpg
Сондай-ақ, өтінімде көрсетілген банк шотының бар екендігін растайтын анықтаманы тіркеу қажет. Құжат форматы: .jpg, .jpeg, .png немесе .pdf, көлемі 20 МБ-тан аспауы тиіс.
Маңызды! Қайтарылатын сома Omarket электрондық әмиянындағы қолжетімді қалдықтан аспау керек.

Барлық өрістерді толтырғаннан кейін өтінімді растау үшін құсбелгіні қою қажет және жүйеге кірген қызметкердің ЭЦҚ-сын пайдаланып қол қою керек.1748528561193-396.jpg
1736935663754-179.jpg
Осы кезде жүйе компьютерде орнатылған және іске қосылған NCALayer бағдарламасының бар-жоғын тексереді.

1748528644784-201.png

Сәтті қол қойылғаннан кейін өтінім автоматты түрде бухгалтерияға қаралуға жіберіледі.

Ақшаны қайтаруға сұраныс жіберілгеннен кейін «Қаражатты қайтару» бөлімінде өтінім «Қаралуда» деген мәртебемен көрсетіледі.

Өтінім сәтті өңделген жағдайда оның мәртебесі «Өңделді» деп өзгертіледі.

Өтінім қабылданбаған  жағдайда оның мәртебесі «Қабылданбады» деп өзгертіліп, кері қабылданбау себебі көрсетіледі.


Өтінімді қарау мерзімі 3 жұмыс күнін алады.