Әмияннан қаражатты қайтару

Last modified by Жадыра Сайлауова on 30.05.2025

2025 жылдың 1 маусымынан бастап жеткізушілер өздерінің жеке кабинеті арқылы қаражатты автоматты түрде қайтару өтінімін рәсімдей алады.

Қаражатты қайтару өтінімін беру үшін жеткізуші "Жеткізуші кабинеті" бөліміне, одан кейін "Жеткізуші шоты" – "Қаражатты қайтару" бөліміне өтуі қажет.

1748530196264-271.jpg

Ашылған бетте "Қайтарымды рәсімдеу" батырмасын басу қажет.1748530225761-567.jpg

Осыдан кейін жүйе өтінім формасына бағыттайды.
1748530250783-662.jpg

Бұл формада ұйым туралы : БСН/ЖСН, атауы, БИК, заңды мекенжайы, сондай-ақ көрсетілген ИИК нөміріне сәйкес алушы банкі мәліметтері автоматты түрде толтырылады
1748530352803-276.jpg

Одан кейін есепшот нөмірін (ИИК), КБЕ, қайтарым сомасын және телефон нөмірін көрсету қажет. КБЕ мәнін ашылмалы тізімнен таңдауға болады.
Сондай-ақ, өтінімде көрсетілген банк шотының бар екендігін растайтын анықтаманы тіркеу қажет. Құжат форматы: .jpg, .jpeg, .png немесе .pdf, көлемі 20 МБ-тан аспауы тиіс.
Маңызды! Қайтарылатын сома Omarket электрондық әмиянындағы қолжетімді қалдықтан аспау керек.
1748530389975-741.jpg

Барлық өрістерді толтырғаннан кейін өтінімді растау үшін құсбелгіні қою қажет және жүйеге кірген қызметкердің ЭЦҚ-сын пайдаланып қол қою керек.1748530429623-840.jpg
1736935663754-179.jpg
Осы кезде жүйе компьютерде орнатылған және іске қосылған NCALayer бағдарламасының бар-жоғын тексереді.

1748528644784-201.png

Сәтті қол қойылғаннан кейін өтінім автоматты түрде бухгалтерияға қаралуға жіберіледі.
1748591370310-280.png

Ақшаны қайтаруға сұраныс жіберілгеннен кейін «Қаражатты қайтару» бөлімінде өтінім «Қаралуда» деген мәртебемен көрсетіледі.
1748591414723-759.png

Өтінім сәтті өңделген жағдайда оның мәртебесі «Өңделді» деп өзгертіледі.
1748591438284-380.png

Өтінім қабылданбаған  жағдайда оның мәртебесі «Қабылданбады» деп өзгертіліп, кері қабылданбау себебі көрсетіледі.
1748591466515-193.png
​​​​​​​
1748591387536-318.12.54_7d36daba.jpg
Өтінімді қарау мерзімі 3 жұмыс күнін алады.