Тауарларды жүктеу
Тауарларды жүктеу - OMarket.kz сауда алаңында жаңа тауарларды басқаруға және жариялауға арналған бөлім.
Өнім беруші осы бөліммен өнім беруші кабинетінде «Тауарларды қосу - бұдан әрі Тауарларды жүктеу» бетінде таныса алады.
Бұл бетте келесі бөлімдер бар бар: «Жарияланған», «Өңдеуді күтеді», «Түзетулер қажет», «Қабылданбаған» және «Шимайжазбалар».
Қосымша беттердiң атауларында белгiленген сандар әрбiр қосымша бетте бар тауарлар санына тең. Әрбiр қосымша бетте қосылған тауарлар туралы егжей-тегжейлi мәлiметтер және тауардың атауын, тауардың санатын, өтінімнің жiберiлген күнiн және басқаларды қоса алғанда, олардың мәртебелерi көрсетiледi.
- Жарияланған: Осында модерациядан сәтті өткен және OMarket.kz сайт каталогында жарияланған тауарларды көруге болады.
Жарияланған бөлімінде келесідей бағандар көрсетілген: ID, Тауардың атауы, Жүктеу күні, Жауап беру күні.
ID - Омаркет сайтының каталог жүйесінде жүктелген тауардың нөмірленуі. Тауардың атауы - жүктелген тауардың атауы. Жүктеу күні - жүктелген тауардың күні. Жауап беру күні - мамандардың тауарды өңдеу күні. - Өңдеуді күтеді: Омаркет Каталогы модераторларының тексерісіндегі тауарлар.
Өңдеуді күтуде бөлімінде келесідей бағандар көрсетілген: ID, Тауардың атауы, Жүктеу күні, Қалған уақыт, Әрекет.
Қалған уақыт - тауарды тексеру үшiн қалған уақыт мерзiмi. Омаркетте тауарды өңдеу мерзімі жүктеу күнін, демалыс және мереке күндерін есептемегенде 5 жұмыс күнін құрайды.
Іс-әрекет - бұл бөлімде өнім берушіге өтінімді кері қайтарып алуға болады. - Түзетулер қажет: Модератор тексергеннен кейін өнім берушіден түзетулерді талап ететін тауарлар.
Түзетулер қажет бөлімінде келесідей бағандар көрсетілген: ID, Тауардың атауы, Жүктелген күні, Жауап берілген күні, Қалған уақыты, Тарихы, Ескертпелері және Іс-әрекеттері.
Тарих - осы бөлімде тауарды модерациялау тарихы және қажетті өзгерістер туралы деректер көрсетілген. Әрекет - бұл бөлімде жеткізушіге өтінімді редакциялау қолжетімді. Ескертпелер - осы бөлімде осы өтінімге барлық ескертпелер көрсетілген. - Қабылданбаған: Белгілі бір критерийлер бойынша модерациядан өтпеген тауарлар.
Қабылданбаған бөлімінде келесідей бағандар көрсетілген: ID, Тауардың атауы, Жүктелген күні, Жауап берілген күні, Қателер, Әрекет.
Қателер - осы бөлімде тауарды қабылдамау себебі көрсетілген.
Іс-әрекет - бұл бөлімде өнім берушіге бас тартылған тауардың үлгісі бойынша жаңа өтінім жасау қолжетімді. - Шимайжазбалар: Одан әрі редакциялау үшін қолжетімді модерацияға жіберілмеген тауарлар.
Шимайжазбалар бөлімінде келесідей бағандар көрсетілген: ID, Тауардың атауы, Жүктелген күні, Жауап берілген күні, Кері қайтарып алынған күні, Әрекет.
Қайтарып алу күні - осы бөлімде өтінімді қайтарып алу күні көрсетілген.
Әрекет - бұл бөлімде жеткізушіге өтінімді өңдеуге немесе жоюға болады.
Сондай-ақ осы бетте «Сүзгі» және «Тауар қосу» батырмалары бар.

Сізге қажетті тауарды іздеу үшін «Сүзгі» функциясын пайдалануға болады. Сүзгі бөлімінде тауарды атауы бойынша, қосылған тауардың санаты бойынша және тауарды қосу күні бойынша іздеуге қол жетімді.

«Тауарды қосу» - осы батырма арқылы өнім берушіге жаңа тауарды жүктеп, оны тексеруге жіберуге болады.

«Тауарды қосу» батырмасын басқан кезде жүйе жүктелетін тауардың санаты мен кіші санатын таңдау қажет болатын терезені көрсетеді. Мысалы: Аудио, Бейне, ТВ - Аудиотехника - Құлаққап тұғыры.
Бұдан әрі жүйе тауарды қосу үшін Өнім беруші толтыруы қажет тауардың қажетті сипаттамалары бар бетті көрсетеді.
Назар аударыңыз! * белгіленген жолдар толтыру үшін міндетті болып табылады. Қалған жолдарды да толтыру қажет, себебі бұл ақпарат өтінімді қарау үшін қажет.