Last modified by Жадыра Сайлауова on 04.06.2026

Show last authors
1 Тауарларды жүктеу екі тәсілмен жүзеге асырылады:
2
3 1. **ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТАУАРЛАР КАТАЛОГЫ (ЭТК)** арқылы — [[https:~~/~~/e-catalog.gov.kz/#/>>url:https://e-catalog.gov.kz/#/]] сайтында. Яғни тауарлар бірінші ЭКТ - да жүктеліп , тексеріліп болған соң  KZTIN нөмерлендірілуі бойынша Омаркет сайтына өткізіліп каталогқа қосылады.
4 1. **Тікелей Omarket сайты арқылы** — «Тауарларды жүктеу» бөлімінде.
5
6 **~1. ЭКТ сайты арқылы**
7 [[image:1741506773849-419.jpg]]
8 Тауарыңыз ЭКТ - ға жүктеліп, расталған соң  1 жұмыс күнін күтіп,Омаркетте іздеу бөлімі арқылы баға қоя аласыз.
9 Егерде тауарыңыз 1 жұмыс күнінен соң Омаркетте пайда болмаса, KZTIN нөмерлерін дайындап Омаркет техникалық қолдауына жүгініңіз.
10 [[image:1741506839616-631.jpg]]
11 Және де дәл қазіргі таңда Омаркетке тек ** KZTIN  28~*~*~*~*~*~*~*~*~*~** **ден басталатын тауарларды енгізу қол жетімді.
12 [[image:1741506903120-569.jpg]]
13
14 **2. Omarket сайты арқылы тікелей жүктеу** — «Тауарларды жүктеу» бөлімінде.
15
16 Тауарларды жүктеу бойынша жіберілген өтінімдерді жеке кабинеттен көру үшін «Тауарлар» бөліміне өтіп, сол жақ бүйір мәзірінен «Тауарларды жүктеу» қойындысын таңдаңыз.
17
18 [[image:https://wiki.omarket.kz/xwiki/bin/download/%D0%98%D0%BD%D1%81%D1%82%D1%80%D1%83%D0%BA%D1%86%D0%B8%D0%B8%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%9F%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B2%D1%89%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2/%D0%97%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B7%D0%BA%D0%B0%20%D1%82%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B21/WebHome/1758010808128-547.png?rev=1.1||alt="1758010808128-547.png"]]
19
20 Бұл бөлімде тауарларды қосуға берілген өтінімдер және олардың мәртебелері көрсетіледі. Өтінімдерді басқару үшін келесі мүмкіндіктер қолжетімді:
21
22 **Өтінімдерді қарау:**
23
24
25 Әр мәртебе қойындысында тауарды қосу бойынша өтінімдер туралы толық ақпарат беріледі: тауардың атауы, категориясы, өтінім жіберілген күні және басқа да деректер.
26
27 * **Жарияланған:** Модерациядан сәтті өтіп, электронды дүкенде жарияланған тауарларды көруге болады.
28 * **KZTIN күтілуде:** ЭКТ жүйесіне ([[https:~~/~~/e-catalog.gov.kz/#/>>url:https://e-catalog.gov.kz/#/]]) жіберіліп, KZTIN-кодын алу процесінде тұрған тауарларға берілген өтінімдер.
29 * **Өңдеуді күтуде:** Omarket каталогының модераторларының қарауында тұрған тауарлар.
30 * **Түзетулер қажет:** Модератор тексерісінен кейін өнім берушіден түзету енгізуді талап ететін тауарлар.
31 * **Қабылданбаған:** Белгілі себептер бойынша модерациядан өтпеген тауарлар.
32 * **Шимжазбалар:** Модерацияға жіберілмеген, әрі қарай өңдеуге қолжетімді тауарлар.
33
34 Іздеуді жеңілдету үшін бөлімде сүзгілеу (фильтрация) функциясы қарастырылған.
35
36 [[image:https://wiki.omarket.kz/xwiki/bin/download/%D0%98%D0%BD%D1%81%D1%82%D1%80%D1%83%D0%BA%D1%86%D0%B8%D0%B8%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%9F%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B2%D1%89%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2/%D0%97%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B7%D0%BA%D0%B0%20%D1%82%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B21/WebHome/1758011057656-499.png?rev=1.1||alt="1758011057656-499.png"]]
37
38 Ашылған формада тауар атауы бойынша немесе өтінім берілген күні бойынша іздеуге болады. Ол үшін қажетті сүзгіні таңдап, **«Қолдану»** батырмасын басу қажет.
39
40
41 **Тауар қосу:**
42
43 Жаңа өтінім жасау үшін **«Тауар қосу»** батырмасын басу қажет.
44
45 [[image:https://wiki.omarket.kz/xwiki/bin/download/%D0%98%D0%BD%D1%81%D1%82%D1%80%D1%83%D0%BA%D1%86%D0%B8%D0%B8%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%9F%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B2%D1%89%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2/%D0%97%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B7%D0%BA%D0%B0%20%D1%82%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B21/WebHome/1758012002482-201.png?rev=1.1||alt="1758012002482-201.png"]]
46
47 Нәтижесінде терезе ашылады, онда Omarket-ке қосылатын тауар үшін үш деңгейлі тауар санатын таңдау қажет болады. 
48
49
50 [[image:https://wiki.omarket.kz/xwiki/bin/download/%D0%98%D0%BD%D1%81%D1%82%D1%80%D1%83%D0%BA%D1%86%D0%B8%D0%B8%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%9F%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B2%D1%89%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2/%D0%97%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B7%D0%BA%D0%B0%20%D1%82%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B21/WebHome/1758012055834-544.png?rev=1.1||alt="1758012055834-544.png"]]
51
52 Одан кейін Жүйе тауарды қосу үшін толтырылуы қажет тауар сипаттамалары бар бетті көрсетеді:
53
54
55 ==== **ЖАҢАРТУ!!!** ====
56
57 OMarket-ке тауар жүктеу үшін** NTIN** көрсету қажет.
58
59 **NTIN **— бұл тауарды бірмәнді сәйкестендіру үшін қолданылатын Ұлттық тауарлар каталогындағы тауардың сәйкестендіру коды.
60
61
62 == **1-қадам. Ұлттық тауарлар каталогында NTIN-ді тексеріңіз** ==
63
64 OMarket-ке тауар жүктемес бұрын, тауардың [[Ұлттық тауарлар каталогы>>https://nct.gov.kz/]] (НКТ) жарамды **NTIN** коды бар-жоғын тексеріңіз. .
65
66 * Егер NTIN ҰТК-да бар болса, тауарды OMarket-ке жүктеу кезінде осы кодты пайдаланыңыз.
67 * Егер NTIN ҰТК-да жоқ болса, алдымен оны  [[https:~~/~~/nationalcatalog.kz>>url:https://nationalcatalog.kz/]] арқылы жасау қажет. [[NTIN - мен тауарды жасау жөніндегі нұсқаулық>>https://docs.google.com/document/d/1lj4y1Ns4uDiFV4fm3K6OR2_PACRO4TaaW3DNVN3u_Y8/edit?tab=t.0#heading=h.md1pud2357f2]]
68 * Тауарды жасағаннан кейін NTIN-нің  [[Ұлттық тауарлар каталогында>>https://nct.gov.kz/]]  айда болып, қолжетімді екеніне көз жеткізіңіз.
69
70 **МАҢЫЗДЫ!** OMarket-ке тауарды тек NTIN қалыптасып,   [[ҰТК>>https://nct.gov.kz/]] -да қолжетімді болғаннан кейін ғана жүктеу қажет.
71
72
73 == **2-қадам. ҰТК-дағы тауардың негізгі деректерінің дұрыстығын тексеріңіз** ==
74
75 Ұлттық тауарлар каталогында NTIN бойынша тауардың негізгі мәліметтері көрсетіледі, мысалы:
76
77 * өндіруші;
78 * шыққан елі;
79 * бренді;
80 * моделі;
81 * өлшем бірлігі;
82 * салмағы және қаптамадағы салмағы.
83
84 OMarket-те тауар карточкасын толтыру кезінде негізгі деректерді ҰТК-да көрсетілгендей енгізіңіз.
85 \\**Маңызды:** OMarket-тегі тауардың негізгі деректері ҰТК-дағы деректермен сәйкес келуі тиіс. Егер бұл деректерді өзгерту қажет болса, алдымен өзгерістерді  [[https:~~/~~/nationalcatalog.kz/>>url:https://nationalcatalog.kz/]]  арқылы енгізіп, ҰТК-да жаңартылғанын тексеріңіз.. [[Тауарды өңдеу бойынша нұсқаулық.>>https://docs.google.com/document/d/1lj4y1Ns4uDiFV4fm3K6OR2_PACRO4TaaW3DNVN3u_Y8/edit?tab=t.0#heading=h.fl4lq587c3b6]].
86 \\
87
88 (% style="line-height:1.38; margin-top:24px; margin-bottom:5px" %)
89 == **3-қадам. OMarket-те NTIN көрсетіңіз** ==
90
91 (% style="line-height:1.38; margin-top:16px; margin-bottom:16px" %)
92 NTIN жасалып, ҰТК-да қолжетімді болғаннан және тауардың негізгі деректері тексерілгеннен кейін OMarket жүйесіне өтіп, тауарды жүктеуді бастаңыз.
93
94 Тауарды жүктеу формасында «Негізгі сипаттамалар» бөлімінде NTIN өрісін толтырыңыз.​​​​​​​[[image:1780561380898-309.png]]
95
96 **Назар аударыңыз**: Қызыл жұлдызшамен (*) белгіленген өрістерді міндетті түрде толтыру қажет.
97
98 NTIN келесі форматқа сәйкес болуы тиіс:
99
100 * 13 цифрдан тұрады;
101 * 02 санынан басталады;
102 * Ұлттық тауарлар каталогында тіркелген болуы керек;
103 * белсенді (активті) мәртебеге ие болуы тиіс.
104
105 Формат үлгісі:
106 **02XXXXXXXXXXX**
107 \\13 цифр енгізілгеннен кейін жүйе NTIN-нің дұрыстығын және оның  [[Ұлттық тауарлар каталогында>>https://nct.gov.kz/]] бар-жоғын автоматты түрде тексереді..
108
109 * Егер NTIN табылса, KZTIN тағайындау үшін қажетті кеңейтілген сипаттамаларды толтыруды жалғастыра аласыз.
110 * Егер NTIN табылмаса, белсенді болмаса немесе қате көрсетілсе, тауарды жүктеу мүмкін болмайды. Бұл жағдайда NTIN-ді Ұлттық тауарлар каталогында тексеру қажет.
111
112
113 ==== **4-қадам. OMarket-те тауардың деректерін толтырыңыз** ====
114
115 NTIN сәтті тексерілгеннен кейін мемлекеттік және реттелетін сатып алуларға қатысу үшін қажетті тауар деректерін толтырыңыз.
116
117 OMarket-ке тауар қосу тауар карточкасын мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін қажет қосымша атрибуттармен кеңейту мақсатында қолданылады.
118 \\**Фотосуреттерді жүктеу***: Бұл кезеңде тауардың суреттерін жүктеу қажет (файл көлемінің шегі – 10 МБ, қолжетімді форматтар: JPG, JPEG және PNG). Ең аз дегенде 2 сурет қосу міндетті.
119
120 **Негізгі сипаттамалар***: Бұл кезеңде модератордың тексеруіне жіберу үшін тауардың негізгі сипаттамаларын толтыру қажет.
121
122 **Қосымша сипаттамалар**: Бұл бет бөлігінде тауарды қосу үшін қосымша сипаттамаларды толтыруға болады (мысалы: тауар өлшемдері, түсі, шыққан елі).
123
124 **Тауар туралы ақпарат**: Бұл кезеңде тауар бойынша құжаттарды тіркеуге болады (файл көлемі – 20 МБ дейін, саны – 10 файлға дейін, қолжетімді форматтар: PDF, JPEG, PNG), сондай-ақ тауар сипаттамасын қосып, модераторға түсініктеме жазу мүмкіндігі бар.
125
126 **Рәсімдеуді аяқтағаннан кейін өтінім модерацияға жіберіледі. Оның тексерілу мерзімі — 5 жұмыс күнге дейін.**
127
128
129 ==== **МАҢЫЗДЫ!** ====
130
131 OMarket-ке тауар жүктеу тек Ұлттық тауарлар каталогында (ҰТК) әрекеттегі NTIN болған жағдайда ғана қолжетімді.
132
133 Тауарды жүктемес бұрын келесілерге көз жеткізіңіз:
134
135 * NTIN қалыптасқан;
136 * NTIN Ұлттық тауарлар каталогында қолжетімді;
137 * TIN бойынша тауар белсенді (активті);
138 * ҰТК-дағы тауардың негізгі деректері дұрыс толтырылған;
139 * OMarket жүйесінде NTIN дұрыс форматта көрсетілген.
140
141 **Модерациядағы өтінімді қарау**
142
143 Тауар қосуға жіберілген өтінімді көру үшін «Өңдеуді күтуде» қойындысына өтіп, тізімнен қажетті өтінімді таңдап, оның ID нөмірін басу қажет. Нәтижесінде өтінім беті қарау режимінде ашылады, мұнда ақпаратты өңдеу мүмкін емес.
144
145 [[image:https://wiki.omarket.kz/xwiki/bin/download/%D0%98%D0%BD%D1%81%D1%82%D1%80%D1%83%D0%BA%D1%86%D0%B8%D0%B8%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%9F%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B2%D1%89%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2/%D0%97%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B7%D0%BA%D0%B0%20%D1%82%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B21/WebHome/1758013747774-428.jpg?rev=1.1||alt="1758013747774-428.jpg"]]
146
147
148 **Өтінімді модерациядан қайтарып алу**
149
150 Тауар қосуға берілген өтінімді қайтарып алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
151
152 1. Жеке кабинетте **«Өңдеуді күтуде»** қойындысына өтіңіз.
153 1. Қажетті өтінімді таңдаңыз.
154 1. Әрекеттер тізімінен **«Өтінімді қайтарып алу»** батырмасын басыңыз.
155
156 Осыдан кейін өтінім модерациядан алынып тасталады және оны қайта өңдеу немесе түзету мүмкіндігі пайда болады.
157
158 [[image:https://wiki.omarket.kz/xwiki/bin/download/%D0%98%D0%BD%D1%81%D1%82%D1%80%D1%83%D0%BA%D1%86%D0%B8%D0%B8%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%9F%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B2%D1%89%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2/%D0%97%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B7%D0%BA%D0%B0%20%D1%82%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B21/WebHome/1758013112686-181.png?rev=1.1||alt="1758013112686-181.png"]]
159
160 Түймені басқан кезде Жүйе өтінімді қайтарып алу әрекетін растауды сұрайды және қайтарып алу себебін көрсетуіңізді талап етеді
161
162 [[image:https://wiki.omarket.kz/xwiki/bin/download/%D0%98%D0%BD%D1%81%D1%82%D1%80%D1%83%D0%BA%D1%86%D0%B8%D0%B8%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%9F%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B2%D1%89%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2/%D0%97%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B7%D0%BA%D0%B0%20%D1%82%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B21/WebHome/1758013883743-144.png?rev=1.1||alt="1758013883743-144.png"]]
163
164 Өтінім қайтарып алынғаннан кейін ол «Шимжазбалар» мәртебесіне ауысады және оны түзетуге немесе жоюға мүмкіндік беріледі.
165
166 Өнімді қосу өтінімін түзету «Түзетулер қажет» және «Шимжазбалар» мәртебесіндегі өтінімдер үшін қолжетімді. Түзетуді қажет ететін өтінімді өзгерту үшін «Түзетулер қажет» қойындысына өтіп, «Өңдеу» әрекетін таңдау қажет:
167
168 [[image:https://wiki.omarket.kz/xwiki/bin/download/%D0%98%D0%BD%D1%81%D1%82%D1%80%D1%83%D0%BA%D1%86%D0%B8%D0%B8%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%9F%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B2%D1%89%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2/%D0%97%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B7%D0%BA%D0%B0%20%D1%82%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B21/WebHome/1758014090237-772.png?rev=1.1||alt="1758014090237-772.png"]]
169
170 Түймені басқаннан кейін жүйе пайдаланушыны тауар сипаттамалары бар бетке бағыттайды. Бұл бет редакциялау режимінде ашылады және тауар сипаттамасына қажетті өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
171
172 Тауар сипаттамасына қандай түзетулер енгізу қажет екендігі туралы ақпаратты көру үшін, жалпы өтінімдер тізіміндегі «Түзетулер қажет» қойындысында «Тарих» түймесін басу қажет. Немесе тауарды өңдеу бетінде жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Модерация тарихы» түймесін басуға болады
173
174 [[image:https://wiki.omarket.kz/xwiki/bin/download/%D0%98%D0%BD%D1%81%D1%82%D1%80%D1%83%D0%BA%D1%86%D0%B8%D0%B8%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%9F%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B2%D1%89%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2/%D0%97%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B7%D0%BA%D0%B0%20%D1%82%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B21/WebHome/1758017172905-105.jpg?rev=1.1||alt="1758017172905-105.jpg"]]
175
176 Өнім сипаттамасына өзгерістер енгізгеннен кейін өтінімді қайтадан жіберу үшін «Модерацияға жіберу» түймесін басу қажет. Өтінім мәртебесі «Өңдеуді күтуде» күйіне өтеді.
177
178 Өтінімді қажет болған жағдайда «Өтінімді өңдеу» бетінде «Шимжазбаға сақтау» түймесін басу арқылы да жіберуге болады. Ол үшін кем дегенде бір міндетті өрісті толтыру қажет. Өтінім «Шимжазбалар» мәртебесіне өтеді.
179
180 Шимжазба ретінде сақталған өтінімді өңдеу үшін «Шимжазбалар» қойындысына өтіп, қажетті өтінімді тауып, «Өңдеу» әрекетін таңдау қажет.
181
182 [[image:https://wiki.omarket.kz/xwiki/bin/download/%D0%98%D0%BD%D1%81%D1%82%D1%80%D1%83%D0%BA%D1%86%D0%B8%D0%B8%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%9F%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B2%D1%89%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2/%D0%97%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B7%D0%BA%D0%B0%20%D1%82%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B21/WebHome/1758017228633-847.jpg?rev=1.1||alt="1758017228633-847.jpg"]]
183
184 Түймені басқаннан кейін жүйе пайдаланушыны тауар сипаттамалары бетіне бағыттайды және оны өңдеу режимінде ашады. Бұл жерде тауар сипаттамасына қажетті өзгерістер енгізіп, өтінімді модерацияға жіберуге болады.
185
186 Өнім сипаттамасына өзгерістер енгізгеннен кейін өтінімді қайта тексеруге жіберу үшін «Модерацияға жіберу» түймесін басу қажет. Өтінім мәртебесі «Өңдеуді күтуде» күйіне өтеді.
187
188
189 **Өтінімді жою**
190
191 Тауарды қосу жөніндегі өтінімді жою тек «Шимжазба» мәртебесінде қолжетімді, егер өтінім бұрын модерацияға жіберілмеген болса. Шимжазбаны жою үшін «Шимжазбалар» қойындысына өтіп, жүктеу күні, жауап беру күні және қайтарып алу күні көрсетілмеген қажетті шимжазбаны тауып, «Жою» опциясын таңдаңыз.
192
193 [[image:https://wiki.omarket.kz/xwiki/bin/download/%D0%98%D0%BD%D1%81%D1%82%D1%80%D1%83%D0%BA%D1%86%D0%B8%D0%B8%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%9F%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B2%D1%89%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2/%D0%97%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B7%D0%BA%D0%B0%20%D1%82%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B21/WebHome/1758017983655-125.png?rev=1.1||alt="1758017983655-125.png"]]
194
195
196 **Қабылданбаған өтінімнің үлгісі бойынша өтінім құру**
197
198 Бұрын қайтарылған өтінім негізінде жаңа өтінім құру үшін «Қабылданбаған» қойындысына өтіп, қажетті өтінімді таңдап, «Үлгі бойынша жасау» әрекетін таңдаңыз.
199
200 [[image:https://wiki.omarket.kz/xwiki/bin/download/%D0%98%D0%BD%D1%81%D1%82%D1%80%D1%83%D0%BA%D1%86%D0%B8%D0%B8%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%9F%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B2%D1%89%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2/%D0%97%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B7%D0%BA%D0%B0%20%D1%82%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B21/WebHome/1758018256237-158.png?rev=1.1||alt="1758018256237-158.png"]]
201
202 «Үлгі бойынша құру»** **әрекетін таңдаған кезде Жүйе әрекетті растауды сұрайды. Әрекетті болдырмау үшін «Жоқ» батырмасын басу қажет.
203 Расталғаннан кейін Жүйе тауар сипаттамалары бар бетке бағыттайды, оны өңдеу режимінде ашып, тауар сипаттамасына қажетті өзгерістер енгізіп, өтінімді модерацияға жіберу мүмкін болады.
204
205
206 **Тауарларды жүктеу өтінімін жіберу кезінде ОТҚ өтінімін автоматты түрде құру**
207
208 Отандық тауар өндірушілер (ОТӨ) болып табылатын Өнім берушілер үшін тауар қосу кезінде мыналарды орындау қажет:
209
210 * «Индустриялық сертификатты таңдаңыз» өрісінде қажетті индустриялық сертификат(-тарды) таңдау;
211 * «Тауар туралы құжаттарды жүктеу» өрісінде СТ-KZ үлгісіндегі сертификаттарды тіркеу.
212
213 [[image:https://wiki.omarket.kz/xwiki/bin/download/%D0%98%D0%BD%D1%81%D1%82%D1%80%D1%83%D0%BA%D1%86%D0%B8%D0%B8%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%9F%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B2%D1%89%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2/%D0%97%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B7%D0%BA%D0%B0%20%D1%82%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B21/WebHome/1758021573441-612.png?rev=1.1||alt="1758021573441-612.png"]]
214
215 Бұл тауар бойынша ОТӨ мәртебесін бөлек өтінім бермей-ақ, автоматты түрде растауға мүмкіндік береді.
216
217 Тауар сәтті жарияланғаннан кейін:
218
219 * жүйе тауарға ОТӨ мәртебесін беру үшін өтінімді автоматты түрде қалыптастырады;
220 * оны «Тауарлар» бөліміндегі «ОТӨ өтінімдері» бөлімінде  көруге болады.