Дистрибьютор / дилер мәртебесін растау
«Ресми дистрибьютор» белгісін алу үшін өтінім беру тәртібі
Тауарға «Ресми дистрибьютор» белгісін алу үшін өтінім тауар карточкасы арқылы рәсімделеді.
Ол үшін OMarket.kz тауарлар каталогына өтіп, қажетті тауардың карточкасын ашыңыз.
«Мен дилермін/дистрибьютормын» батырмасын басыңыз.
«Мен дилермін/дистрибьютормын» батырмасын басу арқылы тауарға өтінім жіберген кезде жаңа міндетті өрістер қосылады.
Аталған өрістер толтырылмаған жағдайда өтінім құрылмайды.

1. «Мен тауардың ресми дистрибьюторымын» және "сату нүктелері" бөлімдерін таңдаңыз

2. Растайтын құжаттарды жүктеу
Дистрибуция немесе дилерлік құқықты растайтын файлдарды тіркеу үшін жаңа өріс қосылды.
- 5 құжатқа дейін жүктеуге болады.
- Әр файлдың ең жоғарғы көлемі — 10 МБ.
- Өтінім түрін таңдаған кезде қажетті құжаттардың тізімі көрсетілген кеңес (анықтама) шығады.
Ұсынылған құжаттар дистрибуция немесе дилерлік құқықты растауы және тауар белгісінің құқық иесіне дейінгі құқықтық қатынастардың қадағалануын қамтамасыз етуі тиіс.

3. Тауар белгісіне берілген куәліктің тіркеу нөмірі
Бұл бөлімге тауар белгісінің тіркеу нөмірін енгізу қажет. Аталған нөмірді
«Қазақстан Республикасының тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді» құжатынан табуға болады.
Үзіндіні ресми порталдан алуға болады: https://gosreestr.kazpatent.kz/
Мысал: №4082, 02.09.1996 ж. (Тексеру үшін қолжетімді: https://gosreestr.kazpatent.kz/Trademark/Details?docNumber=45922)
Тіркеу куәлігінің нөмірі көрсетілмеген жағдайда өтінім сақталмайды.

4. Тауар белгісі құқық иесінің электрондық поштасы
Бұл бөлім тауар белгісінің иесіне тиесілі электрондық пошта мекенжайын көрсетуге арналған.
OMarket модераторлары дистрибуция немесе дилерлік құқықтарға қатысты қосымша ақпаратты тікелей тауар белгісі құқық иесінен сұрату үшін осы электрондық поштаны пайдаланады.
Мысал: info@brandname.kz
Маңызды! Тек тауар белгісінің құқық иесіне немесе оның ресми өкіліне тиесілі, қолданыстағы электрондық пошта мекенжайын көрсетіңіз.

5. Түсініктемеге арналған бөлім
OMarket модераторлары үшін түсінікеме қалдыру мүмкіндігі қосылды.
Бұл жерде жеткізуші ілеспе хабарлама жазып, тауар бойынша қосымша мәліметтерді, құжаттарға қатысты түсіндірмелерді немесе өтінімді тексеру барысында көмектесетін кез келген өзге ақпаратты көрсете алады.
Мысал: «Құқық иесі 10.10.2025 ж. хат арқылы растады. Қарастыру кезінде ескерулеріңізді сұраймын.»

Ескерту:
Жүйеде ресми дистрибьютор немесе дербес дилер мәртебесін растау үшін өтінімдерді жаппай (топтап) беру мүмкіндігі қарастырылған.

Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
1. 3-деңгейлі санаттағы тауарлар тізімі бар бетке өтіңіз.
Қолайлылық үшін тауар сипаттамалары бойынша сүзгілеу мүмкіндігі қарастырылған.
2. Қажетті тауарларды таңдап, пайда болған панельде «Мен ресми дистрибьютор/дилермін» батырмасын белгілеңіз.
3. «Растау» батырмасын басыңыз.
Осыдан кейін жүйе міндетті өрістерді толтыруды сұрайды және өтінім берілетін тауарлар тізімін көрсетеді.

Барлық міндетті өрістер толтырылып, форма жіберілгеннен кейін жүйеде таңдалған әрбір тауар бойынша жеке өтінімдер автоматты түрде құрылады.
Құрылған өтінімдерді жеткізушінің жеке кабинетінде келесі бөлімнен көруге болады:
«Дистрибуция» → «Дистрибьюторлық/дилерлік өтінімдер».
Назар аударыңыз!
01.12.2025 жылдан бастап дистрибьютор және дербес дилер мәртебесін беру толықтай электрондық форматта жүзеге асырылады, пошта арқылы хат жолдау қажеттілігі болмайды.