2. Дистрибьюторлық/дилерлік өтінімдер
Last modified by Жадыра Сайлауова on 07.08.2025
«Жеткізуші» рөліндегі пайдаланушы үшін «Дистрибьюторлық/дилерлік өтінімдер» бөлімінде дистрибьютор/дилер мәртебесін алу үшін берілген өтінімдер көрсетіледі. Бұл өтінімдерді жеке кабинетте көру үшін сол жақ мәзірдегі «Дистрибуция» бөліміне, содан кейін «Дистрибьюторлық/дилерлік өтінімдер» бөліміне өтіңіз.
«Дистрибьюторлық/дилерлік өтінімдер» бөлімінде барлық өтінімдерді көруге болады.
Өтінімді іздеу
Қажетті өтінімді табу үшін «Сүзгі» батырмасын басу қажет.
Ашылған формада санат, өнім атауы, түрі және жүктелген күні бойынша іздеуді орындауға болады.
Өтінімдерді сұрыптау
Өтінімдерді келесі параметрлер бойынша сұрыптауға болады: «алдымен жаңалары», «алдымен ескілері», «алфавит бойынша (А-Я)» және «алфавит бойынша (Я-А)».



