3. Ресми дистрибьютор / дербес дилер мәртебесінің жойылуы

Last modified by Жадыра Сайлауова on 04.08.2025

Дистрибьютор/дилер мәртебесінің автоматты түрде алып тасталуы

Егер соңғы 30 күнде дистрибьюторлық тауар бойынша қабылданбаған тапсырыстардың пайызы 20% - дан асса (5 тапсырыстан артық болған жағдайда), мәртебе 30күнтізбелік күнге автоматты түрде алынып тасталады. Мәртебені алып тастаған кезде жүйе Сізге ресми дистрибьютор/ дилер мәртебесі алынып тасталғаны туралы хабарлама жібереді.
1744862745523-251.jpg

Мәртебе алынып тасталған кезеңінде:

  • Егер Сіз тауардың жалғыз дистрибьюторы болсаңыз, баға ұсыныстарын беру мүмкіндігі барлығына ашылады.
  • Осы тауар бойынша дистрибьюторлыққа/дилерлікке жаңа өтінім беру мүмкін болмайды.
  • Тауар бетінде өтінім беру қалпына келтірілгенге дейінгі уақытты көрсететін таймері бар хабарлама пайда болады.

1744862782865-957.заявки.jpg

Қосымша түрде, өнім берушінің кабинетінде "Дистрибьюторлық/дилерлік өтінімдер" бөлімінде келесі мүмкіндіктер қолжетімді:

  • "Расталған" бөлімінде — қабылданбаған тапсырыстардың пайызын бақылауға болады;
  • "Уақытша тоқтатылғандар" бөлімінде — белгілі бір тауар бойынша дистрибьютор / дербес дилер мәртебесі алынған өтінімдер көрсетіледі.


Тауар бойынша жарияланған баға ұсынысы болмаған жағдайда дистрибьютор мәртебесінің автоматты түрде алынып тасталуы.
 

Omarket порталында ресми дистрибьюторлар мен дербес дилерлердің бағалық ұсыныстарының болуын автоматты түрде тексеру функциясы енгізілген.

Егер дистрибьютор немесе оның дилерлері 14 күнтізбелік күн ішінде тауар бойынша бағалық ұсыныстар жарияламаса, жүйе автоматты түрде келесі әрекеттерді орындайды:
– осы тауар бойынша дистрибьютор немесе дербес дилер мәртебесін алып тастайды,
– осы тауарға қатысты барлық дилерлерді өшіреді,
– мәртебесі алынған тауар бойынша 30 күнге қайтадан өтінім беруді бұғаттайды.

«Дистрибьюторлық/дилерлік өтінімдер → Тоқтатылған» бөлімінде баға ұсыныстарының болмауына байланысты мәртебесі алынған өтінімдерді тексеруге болады.

1754292562171-746.jpg

Тауар парақшасында:

  • «Мен дербес дилермін/дистрибьютормын» батырмасы жасырылады.
  • Таймері бар хабарлама көрсетіледі:
     Мысалы: Осы тауар бойынша сіздің мәртебеңіз 30 күнтізбелік күнге тоқтатылды, себебі бағалық ұсыныстар жарияланбаған. Сізгедистрибьюторлық/дилерлік өтінім беру 10 күн 11:29:45 уақыт аралығында шектеледі.
  • 30 күн өткен соң, батырма қайта қолжетімді болады.

1754292571484-554.jpg

Бұл кезде енгізілген шектеулер «Бұзушылықтар» бөлімінде келесі түрде көрсетіледі:

  • Omarket платформасында дистрибуция/дилерлікке өтінім беруді бұғаттау — 30 күнтізбелік күнге таймер көрсетіледі.
  • Барлық дилерлердің белсенділігін тоқтату (тек «ресми дистрибьютор» түріндегі өтінімі бар өнім берушілер үшін көрсетіледі) — 30 күнтізбелік күнге таймер көрсетіледі.

1754292584544-285.jpg

«Баға ұсыныстары жоқ дистрибьюторлық тауарлар» бөлімі

1754290487164-727.jpg

Бұл бөлімде өнім берушіде расталған өтінім болғанымен, дистрибьютордың да, оның дербес дилерлерінің де баға ұсыныстары жарияланбаған тауарлар көрсетіледі.
1754290690445-812.jpg

Бұл тізімге келесі тауарлар кіреді:

  • Өтінім статусы — «Расталған»
  • Тауар белсенді
  • Дистрибьютор және оның дербес дилерлері тарапынан баға ұсыныстары жарияланбаған

Егер дистрибьютор немесе оның дилерлері тарапынан кемінде бір баға ұсынысы жарияланса — тауар автоматты түрде тізімнен шығарылады.

Бөлімде келесі параметрлер бойынша сүзгілерді баптауға болады:

  • Тауар санаты
  • Атауы
  • Өтінім түрі (дистрибьютор / дербес дилер)
  • Өтінімді жіберу күні

1754291046787-673.jpg

Сүзгілерді тазарту үшін «Тазалау» батырмасын басыңыз.

1754291190147-390.jpg

Сондай-ақ келесі сұрыптау түрлері қолжетімді:

  • Алдымен жаңа өтінімдер
  • Алдымен ескі өтінімдер
  • Әліпби ретімен А–Я
  • Әліпби ретімен Я–А

1754291246959-755.jpg

Сізге баға ұсыныстарын жариялау қажеттігі, дистрибьютор/дилер мәртебесінің алып тасталуы және қайтадан өтінім берудің мүмкіндігі туралы хабарламалар жіберіліп отырады. Бұл хабарламаларды өшіру мүмкіндігі қарастырылмаған.

Жүйе келесі хабарламаларды жібереді:

  • Өтінім расталғаннан кейін немесе соңғы баға ұсынысының мерзімі аяқталғаннан кейін 1, 7 және 13-күні: баға ұсыныстарын жариялау қажеттігі туралы ескертулер.
  • 14-күні: дистрибьютор/дилер мәртебесінің алынғаны туралы хабарлама.
  • дистрибьютор/дилер мәртебесі алынғаннан кейін 30-күні: қайтадан өтінім беруге болатындығы туралы хабарлама.

«Дербес дилер» статусындағы өнім берушілер үшін:

  • Өтінімнің «Тоқтатылды» күйіне ауысқаны туралы хабарлама.
  • Өтінімнің қайтадан «Расталды» күйіне ауысқаны туралы хабарлама.

Егер тауар бойынша ресми дистрибьютор мәртебесі алынған болса, бірақ бұл тауарға белсенді өтінімі бар дербес дилер болған жағдайда:

  • Дербес дилердің өтінімі автоматты түрде «Тоқтатылды»Дербес дилердің өтінімі автоматты түрде «Тоқтатылды күйіне өтеді.
  • Егер өтінімнің белсенділік мерзімі «Тоқтатылды» күйінде болған кезде аяқталса, ол «Мерзімі өтті»  күйіне ауысады.
  • Егер тауарда жаңа дистрибьютор пайда болса — өтінім қайтадан «Расталды» күйіне өтеді.

Дербес дилердің өтінімі «Тоқтатылды» статусына ауысқанда өнім берушінің бағалары архивтелмейді.