3. Ресми дистрибьютор / дербес дилер мәртебесінің жойылуы

Last modified by Жадыра Сайлауова on 29.09.2025

Дистрибьютор/дилер мәртебесінің автоматты түрде алып тасталуы

Егер соңғы 30 күнде дистрибьюторлық тауар бойынша қабылданбаған тапсырыстардың пайызы 20% - дан асса (5 тапсырыстан артық болған жағдайда), мәртебе 30күнтізбелік күнге автоматты түрде алынып тасталады. Мәртебені алып тастаған кезде жүйе Сізге ресми дистрибьютор/ дилер мәртебесі алынып тасталғаны туралы хабарлама жібереді.
1744862745523-251.jpg

Мәртебе алынып тасталған кезеңінде:

  • Егер Сіз тауардың жалғыз дистрибьюторы болсаңыз, баға ұсыныстарын беру мүмкіндігі барлығына ашылады.
  • Осы тауар бойынша дистрибьюторлыққа/дилерлікке жаңа өтінім беру мүмкін болмайды.
  • Тауар бетінде өтінім беру қалпына келтірілгенге дейінгі уақытты көрсететін таймері бар хабарлама пайда болады.

1744862782865-957.заявки.jpg

Қосымша түрде, өнім берушінің кабинетінде "Дистрибьюторлық/дилерлік өтінімдер" бөлімінде келесі мүмкіндіктер қолжетімді:

  • "Расталған" бөлімінде — қабылданбаған тапсырыстардың пайызын бақылауға болады;
  • "Уақытша тоқтатылғандар" бөлімінде — белгілі бір тауар бойынша дистрибьютор / дербес дилер мәртебесі алынған өтінімдер көрсетіледі.