Last modified by Жадыра Сайлауова on 01.04.2025

From version 1.1
edited by Асель Базархан
on 11.01.2025
Change comment: There is no comment for this version
To version 3.2
edited by Жадыра Сайлауова
on 01.04.2025
Change comment: There is no comment for this version

Summary

Details

Page properties
Title
... ... @@ -1,1 +1,1 @@
1 -Получение статуса дистрибьютора каз
1 +Ресми дистрибьютор мәртебесін алу
Author
... ... @@ -1,1 +1,1 @@
1 -XWiki.Asselya
1 +XWiki.Zhadyra
Content
... ... @@ -1,0 +1,61 @@
1 +Егер сіз ресми дистрибьютор болсаңыз, [[quality@omarket.kz>>mailto:quality@omarket.kz]] поштасына растайтын құжаттарды жіберіңіз, және жіберілген құжаттар модераторлар тарапынан қаралатын болады. Қажетті құжаттар толық болған жағдайда, модераторлар "Ресми дистрибьютор" деген мәртебесін сізге тағайындайды, содан кейін тауарларды басқару мүмкіндігі қолжетімді болады.
2 +
3 +**Дистрибьюторлықты растайтын құжаттар** - келесі құжаттардың бірі болуы тиіс: дистрибьюторлық келісімшарт, дистрибьютор сертификаты немесе өндірушіден дистрибьютор мәртебесін растайтын хат.
4 +
5 +**Маңызды! Тауар өндіруші берген құжатта сіз нақты дистрибьютор екенін**, дилер/өкіл емес екендігін көрсетуі қажет. (Мысалы: егер бұл келісімшарт болса, онда дистрибьюторлық келісімшарт болуы тиіс, жеткізу келісімшарты емес. Құжат өндірушіден ұсынылуы қажет, дистрибьютордан немесе субдистрибьюторлық құжаттар қаралмайды.)
6 +
7 +* Құжатта өндірушінің байланыс мәліметтері көрсетілуі қажет.
8 +* Дистрибьюторлық сертификат немесе өндірушіден хат фирмалық бланкте жазылып, мекеме мөрі мен басшының қолы болуы тиіс.
9 +* Ресми дистрибьюторлық келісімшартта да мекеме мөрі мен басшының қолы қойылуы керек.
10 +
11 +**Құжатты алғаннан кейін, ұсынылған ақпаратты тексеру үшін өндірушіге сұрау жіберілуі мүмкін. Сондықтан сұрауды өңдеу мерзімі өндірушіден жауап алынғанға дейін 5 жұмыс күні және одан да көп уақытты алады, .**
12 +
13 +"Ресми дистрибьютор" мәртебесін алғаннан кейін, тек мәртебеңіз расталған тауарлар бойынша ғана сұраулар жіберу қажет. Мәртебесі расталмаған тауарларға сұраулар жіберудің қажеті жоқ, дистрибуцияға арналған құжаттары жоқ тауарлар бойынша өтініштер қабылданбайды.
14 +
15 +**"Ресми дистрибьютор" белгісін алу үшін өтініш беру.**
16 +
17 +Тауар карточкасында дистрибьюторлыққа өтініш жасау.
18 +Тауарды дистрибуциялауға өтініш беру үшін, omarket.kz тауарлар каталогына өтіп, тауар карточкасына кіріңіз.
19 +"Мен ресми дилермін/дистрибьютормын" батырмасын басыңыз.
20 +[[image:1738248043762-896.jpg]]
21 +\\Ашылған бетте «Мен тауардың ресми дистрибьюторымын» типін және сату аймақтарын таңдаңыз, содан кейін «Өтінімді жіберу» батырмасын басқан кезде өтініш модераторларға қарауға жіберіледі.
22 +[[image:1738248195447-300.jpg]]
23 +
24 +
25 +Дистрибьютор/дилер мәртебесін Қазақстан Республикасының әрбір өңірінде растау үшін қолжетімді.
26 +\\Дистрибьюторлыққа келесі форматтарда өтініш беруге болады:
27 +
28 +* Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы
29 +* Бөлек облыстар (мысалы, тек Ақмола облысы)
30 +* Ірі елді мекендер (43 өңір)
31 +
32 +**"Ресми дистрибьютор" белгісі бар тауарға сауда ұсынысын жариялау үшін рұқсат алу:**
33 +
34 +Егер тауарда "Ресми дистрибьютор" белгісі бар болса және тауарға баға ұсынысын жариялау мүмкіндігі жоқ болса, өз сауда ұсынысыңызды жариялау үшін екі жол бар:
35 +
36 +1. Ресми дистрибьюторға жүгіну, дистрибьютор сізді дилерлер қатарына қосу мүмкіндігіне ие. Байланыс деректері сауда ұсынысын өңдеу кезінде көрсетіледі.
37 +1. [[quality@omarket.kz>>mailto:quality@omarket.kz]] электронды поштасына келесі ресми растайтын құжаттардың бірін жіберу:
38 +
39 +* Дилер сертификаты
40 +* Өндірушіден немесе дистрибьютордан жеткізу келісімшарты.
41 +
42 +**Дилерлік өтінішті рәсімдеу үшін**:
43 +
44 +Тауарға дилерлік өтініш беру үшін omarket.kz тауарлар каталогына өтіп, тауар карточкасына кіріңіз.
45 +"Мен ресми дилермін/дистрибьютормын" батырмасын басыңыз. 
46 +[[image:1738248720461-120.jpg]]
47 +\\**Ескерту! Өтінішті тек "Дистрибьютор" белгісі бар тауарларға және расталған құжаттары бар тауарларға ғана жіберіңіз. Белгіленген брендтерге сәйкес келмейтін өтініштер қабылданбайды.**
48 +
49 +**«Мен тауардың дилерімін»** типін таңдаңыз және сату аймақтарын көрсетіңіз. Содан кейін «Өтінімді жіберу» батырмасын басқан кезде өтініш модераторларға қарауға жіберіледі.
50 +
51 +[[image:1738248896897-617.jpg]]
52 +
53 +Ескерту: «Өндірушіден тікелей дилер» типіндегі тауарларға «Менің дилерлерім» функционалы қолжетімді емес. Өтініш расталғаннан кейін, жеткізушіге ресми дистрибьютордан шектеулер бар тауарларға ғана сауда ұсынысын жариялау мүмкіндігі беріледі.
54 +\\**Дистрибьютор/дилер мәртебесінің автоматты түрде алып тасталуы**
55 +
56 +Егер соңғы 30 күнде дистрибьюторлық тауар бойынша қабылданбаған тапсырыстардың пайызы 20% - дан асса (5 тапсырыстан артық болған жағдайда), мәртебе 30күнтізбелік күнге автоматты түрде алынып тасталады. Мәртебені алып тастаған кезде жүйе Сізге ресми дистрибьютор/ дилер мәртебесі алынып тасталғаны туралы хабарлама жібереді.
57 +\\**Мәртебе алынып тасталған кезеңінде:**
58 +
59 +* Егер Сіз тауардың жалғыз дистрибьюторы болсаңыз, баға ұсыныстарын беру мүмкіндігі барлығына ашылады.
60 +* Осы тауар бойынша дистрибьюторлыққа/дилерлікке жаңа өтінім беру мүмкін болмайды.
61 +* Тауар бетінде өтінім беру қалпына келтірілгенге дейінгі уақытты көрсететін таймері бар хабарлама пайда болады.