2. Қарапайым алдын-ала тапсырысты рәсімдеу

Last modified by Жадыра Сайлауова on 13.03.2026

Тапсырысты ресімдеу үшін тауар плиткасындағы немесе тауар карточкасындағы «Ресімдеу» батырмасын басыңыз.1764664747513-932.png

1764664854301-442.png

Сондай-ақ тапсырысты себеттегі «Тапсырысты ресімдеу» батырмасы арқылы ресімдеуге болады.
1764664899990-277.png

Тапсырыс берушіге екі түрі қолжетімді:

  • Қарапайым тапсырыс
  • Біріктірілген тапсырыс

1. Қарапайым алдын - ала тапсырыс

Қарапайым тапсырысты жасау үшін каталогтың үшінші деңгейіндегі бір санаттан тауар таңдалады. 1–5 тауар арасында таңдау жасауға болады.1764664972268-348.png

Тауарларды таңдағаннан кейін жүйе сізді ресімдеу бетіне бағыттайды. Бұл бетте:

  • Тапсырыс түрін (қарапайым немесе біріктірілген)
  • Сатып алу түрін (бастапқы немесе қайталама)
  • Тауар деректерін толтырасыз: «Бірлік бағасы», «Саны», «Жеткізу мерзімі».

1773414188049-833.png

Өрістер:

  • Бірлік бағасы — тауардың 1 данасы үшін төлеуге дайын баға
  • Саны — сатып алатын тауар саны
  • Жеткізу мерзімі — жеткізуші тауарды жеткізуі тиіс уақыт

1773414195395-109.png

«Жалпы баға» — бірлік баға × саны формуласы бойынша автоматты есептеледі.

1773414229498-605.png

Тауарды жою қажет болса — қоқыс жәшігі белгісін басасыз.

1764665055050-939.png

Келесі қадамға өту үшін «Келесі» батырмасын басыңыз

.1773414247342-195.png

2-қадам: Жеткізу орны

Жүйе сізден тауарды бір мекенжайға ма, әлде бірнеше мекенжайға ма жеткізу қажет екенін таңдауды сұрайды.

1773414317001-699.png

1773414328970-939.png

1)  Одан кейін алушының мекенжайын және алушының байланыс деректерін қазақ тілінде толтыру қажет.

1773414328970-939.png

  1.  Алушы мекенжайы
    Тізімнен бұрын сақталған мекенжайды таңдауға болады
    1773414360761-364.png

    Немесе «Жаңа жеткізу мекенжайын қосу» батырмасын басып,
    1773414373354-325.png

    Жаңа мәліметтерді енгізесіз (қала, көше, үй нөмірі)
    1773414384907-192.png

    1773414409868-551.png

    Алушының байланыс деректері

    Тізімнен  қалаған ақпаратты  таңдай аласыз. 
  2. 1773414449673-192.png

    Немесе «Жаңа байланыс дерегін қосу» батырмасы арқылы жаңасы енгізіледі.
    1773414465827-207.png
    Келесіде, жүйе жаңа контакті қосу терезесін ашады, онда сіз қажетті деректерді толтыруыңыз қажет: ЖСН, Мобильді нөмір және электронды пошта».1773414476060-550.png

    Телефон нөмірін енгізгеннен кейін SMS-код арқылы растау қажет.

    1773414510804-217.png
    Егер қалалық телефон таңдалса — қалалық нөмір енгізіледі.

    1773414564952-772.png

    Сенімді алушы (қалауыңыз бойынша)

    Қажет болса «Сенімді алушы» бөлімін қосуға болады:

    1773414612094-343.png
    Сенімді алушыны тізімнен таңдай аласыз. 

    1773414632917-861.png

    Сенімді алушыны қосу батырмасы арқылы қоса аласыз. 

    1773414653599-663.png
    Содан кейін сенімді алушының телефон нөмірін СМС-тен келген код арқылы растаңыз да, «Қосу» батырмасын басыңыз

    1773414677563-967.png

    Егер қалалық телефон таңдалса — қалалық нөмір енгізіледі.

    1773414691834-163.png

Қажет болмаған жағдайда — қоқыс жәшігі арқылы жойылады.
1773416066763-976.png
Қажет болған жадайда бірнеше мекенжайға жеткізуді таңдай аласыз. 1773414712722-117.png

  • Ең аз дегенде 2 мекенжай енгізіледі

1773414727571-608.png

  • Қосымша мекенжайларды «Жеткізу мекенжайын қосу» батырмасымен қосуға болады

1773414738340-470.png

  • Артық мекенжайды жою — қоқыс жәшігі белгісі арқылы

1773414793340-678.png
Әр мекенжайға бөлінген тауар саны жалпы санына сай болуы керек. 

1773414838056-473.png

  • Саны қате болса — қызыл түспен белгіленеді.

1773414875669-935.png
«Тауарлар» бөлімі — 1-қадамда енгізген тауарларыңыз

.1773414892124-785.png

Ресімдеуші тұлға — тапсырысты толтырып отырған қызметкер деректері.

1773414900915-323.png

Толтырғаннан кейін «Келесі» батырмасын басыңыз.1773414920424-757.png

3-қадам: Жеткізушілерді таңдау

1773415007071-705.png

Осы бөлімдерде келесі ақпарат көрсетіледі:

  • Жоспарланған сома — тапсырыс беруші тауарды сатып алуға дайын ең жоғары соманы көрсетеді.
  • Рұқсат етілген жеткізушілер — бағасы жоспарланған сомамен сәйкес келетін немесе одан төмен болатын жеткізушілер.
  • ҚҚС төлеуші — жеткізушінің ҚҚС төлеуші болып табылатынын көрсетеді.
  • Тауар — жеткізуші ұсынған тауарды көрсетеді.
  • Ұсынылған сома — жеткізуші тауарды сатуға дайын бағаны көрсетеді.

Сіз сатып алуды қай форматта рәсімдейтініңізді өзіңіз анықтайсыз: тапсырыс немесе алдын ала тапсырыс ретінде.

1773416262429-262.png

Егер сіз алдын ала тапсырыс жасасаңыз (предзаказ)

Алдын ала тапсырыс екі нұсқада ресімделеді:

  •      Барлық жеткізушілер арасында

Сіз OMarket.kz барлық жеткізушілері арасында алдын ала тапсырыс жасайсыз.

1773416307805-160.png

  • Белгілі бір жеткізушілер арасында

    Сіз тек баға қойған жеткізушілер арасынан алдын ала тапсырыс жасайсыз.

     
    1773416342305-179.png

    Таңдалған жеткізушілер үшін жүйе шарттармен келісу терезесін ашады — «Растау» батырмасын басу қажет.

    1773416354549-284.png

    Егер сіз белгілі бір жеткізушілерді қосқыңыз келсе, «Жеткізушіні қосу» батырмасын баса аласыз.
    1773416372888-376.png

    Осыдан кейін жеткізушілерді қосу терезесі ашылады.

    1773416401319-562.png

    Іздеуді жеткізушінің атауы немесе оның БСН/ЖСН бойынша жүзеге асыруға болады.
    Бұл кезеңде жеткізушілердің ешқайсысын таңдамауға да мүмкіндік бар.

    Одан кейін «Растау» батырмасын басу қажет.
    «Растау» батырмасын басқан кезде таңдалған жеткізушілер сақталады. Егер жеткізушілер таңдалмаса, жүйе рәсімдеу процесін жалғастыруға мүмкіндік береді.

    Қажет болса, «Жеткізуші қосу» батырмасы арқылы жеткізушілерді атауы немесе БСН/ЖСН бойынша іздеуге болады.
    Жеткізушіні таңдамауға да болады — жүйе әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік береді.

    1773416480707-892.png

Егер жеткізуші Адал емес жеткізушілер тізімінде (РНУ) болса — жүйе оны автоматты түрде анықтап, тапсырысқа қоспайды.
1764666847707-804.png

Ол «Болдырылған жеткізушілер» бөліміне түседі.

1764666872683-553.png

Осыдан кейін жүйе жеткізушілерді тексерудің соңғы кезеңін ашады.

Бұл бөлім коммерциялық алдын ала тапсырыстың параметрлерін рәсімдеу алдында соңғы рет тексеруге арналған.

Осы кезеңде пайдаланушы:

  • сатып алудың жалпы параметрлерін және жеткізу орнын тексереді;
  • тауарлар мен жеткізушілерді (рұқсат етілген және қабылданбаған) қарайды;
  • қалыптастырылатын құжаттардың түрін таңдайды;
  • алдын ала тапсырысты рәсімдеуді растайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Егер тапсырыста жеткізушілер жоқ болса немесе олардың саны екеуден аз болса, жүйе тапсырысты рәсімдеуге мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайда алдын ала тапсырысты (предзаказ) рәсімдеу қажет.

1773416624536-706.png
 

Беттің сипаттамасы

1773416680521-784.png

«Алдын ала тапсырысты растау» блогы

  • «Сатып алу» – сатып алу түрін көрсетеді (мысалы, Бастапқы / Қайталама).
  • «Тапсырыс түрі» – таңдалған түрді көрсетеді: Қалыпты тапсырыс немесе Біріктірілген тапсырыс.
  • «Жалпы саны» – барлық позициялар бойынша тауар бірліктерінің жалпы саны.
  • «Жеткізу мекенжайы (1)», «Жеткізу мекенжайы (2)» және т.б. – жеткізу жүзеге асырылатын мекенжайларды көрсетеді.
  • «Алушының байланыс деректері» – әр мекенжай бойынша негізгі алушының аты-жөні және байланыс деректері (телефон, e-mail).
  • «Сенімді алушы» – тауарды қабылдай алатын сенімді тұлғаның аты-жөні мен телефоны.
  • «Жеткізу мерзімі» – жеткізуші жеткізуді орындауы тиіс күн саны немесе нақты күн.
  • «Алдын ала тапсырысты растау» блогындағы барлық өрістер тек көру үшін көрсетіледі.
  • Мәндерді өзгерту үшін пайдаланушы процестің тиісті кезеңіне қайта оралуы қажет.


 

Блоктың жоғарғы оң жақ бөлігінде келесі ақпарат көрсетіледі:

«Жоспарланған сома» — таңдалған тауарлар мен жеткізушілер бойынша сатып алудың жалпы құны.

Төменде:

Тауарлар тізімі көрсетіледі — мысалы, «Matrix 519825 1 т жүк көтергіш жабдығы».
Тауар атауы сол позиция туралы толық ақпаратқа өтетін сілтеме болып табылады.

«Жеткізушілер тізімі» блогы

Блок екі бөлікке бөлінген:

«Рұқсат етілген жеткізушілер»
Коммерциялық алдын ала тапсырысқа қатысуға рұқсат етілген жеткізушілер тізімі.

Әр жеткізуші бойынша келесі ақпарат көрсетіледі:

  • жеткізушінің атауы;
  • тауар (тауар карточкасына сілтеме);
  • «Ұсынылған сома, ₸ ҚҚС-сыз» — жеткізуші ұсынған баға.

    1773416733790-384.png

«Қабылданбаған жеткізушілер»
Бұл жағдайда мұндай жеткізушілер жоқ, сондықтан қабылданбаған жеткізушілер блогы көрсетілмейді.
1773416744929-997.png

Осы бөлімде «Құжаттар» өрісі де қолжетімді.

1773416753387-753.png

Сіз тауарды жеткізу бойынша ерекше шарттар болған жағдайда 15 МБ-қа дейін құжаттарды жүктей аласыз.

Құжатты жүктеу үшін құжаттар блогын басу немесе сол жерге сүйреп апару қажет.

1773415544264-467.png

1773415570188-393.png

Сізде жүктелген құжаттарды жою мүмкіндігі бар.

  • 1764666945694-987.png
     

    Осыдан кейін аталған құжаттар алдын ала тапсырыспен бірге жеткізушілерге көрсетіледі, олар алдын ала тапсырыс бойынша баға ұсынған кезде көре алады.
     

    Содан кейін «Алдын ала тапсырысты рәсімдеу» батырмасын басасыз.
    1773416867144-241.png

    Алдын ала тапсырыс рәсімделіп, жұмыс кабинетінде «Алдын ала тапсырыстар» бөлімінде пайда болады.

    1773416883471-190.png