3.Біріктірілген тапсырысты рәімдеу
Тапсырысты рәсімдеу үшін тауар плиткасында немесе карточкасында орналасқан «Рәсімдеу» батырмасына басу қажет.
Сондай-ақ, тапсырысты себеттегі «Тапсырысты рәсімдеу» батырмасын басу арқылы рәсімдеуге болады.
Тапсырыс берушіге қарапайым тапсырыс немесе біріктірілген тапсырыс рәсімдеу қолжетімді.
2. Біріктірілген тапсырыс
Біріктірілген тапсырыс — бұл бір санат деңгейіне (1-деңгей) жататын 2-ден 20-ға дейінгі түрлі тауарларды таңдап, бір тапсырыс аясында сатып алып, кейін бір келісімшарт жасалатын тапсырыс түрі.
Қажетті тауарларды таңдағаннан кейін жүйе сізді тапсырысты рәсімдеу бетіне бағыттайды. Мұнда тапсырыс түрін (қарапайым немесе біріктірілген), сатып алу түрін (бастапқы немесе қайталама) таңдап, келесі мәліметтерді толтыру қажет: «Бірлік бағасы», «Саны», «Жеткізу мерзімі».
Өрістер бойынша:
- «Бірлік бағасы» – бір тауар бірлігі үшін төлеуге дайын бағаны көрсетуіңізді сұраймыз.
- «Саны» – сатып алғыңыз келетін тауар саны.
- «Жеткізу мерзімі» – жеткізуші тапсырысты қандай уақыт ішінде жеткізуі тиіс екенін көрсетеді.
«Жалпы баға» өрісі автоматты түрде есептеледі: ҚҚС-сыз белгіленген бірлік бағасы тауар санына көбейтіледі.
Жеткізу орны/мекенжайын енгізу үшін «Келесі» батырмасын басып, келесі қадамға өтіңіз.

Жүйе сізге 2-қадамды ашады, онда келесі мәліметтерді толтыру қажет:
- Тауарды қанша мекенжайға жеткізу қажет.

- Егер тауарды бір мекенжайға жеткізу қажет болса, «Бір мекенжайға» деген мәнді таңдау керек
.
Келесі қадамда қабылдаушының мекенжайы мен байланыс ақпаратын толтыру қажет.
Қабылдаушының мекенжайы:
Сіз тізімнен бар жеткізу мекенжайын таңдай аласыз немесе жаңа мекенжай қосуға болады.

Егер сіз жаңа мекенжай қосқыңыз келсе, «Жаңа жеткізу мекенжайын қосу» батырмасын басыңыз.
Кейін жүйе жаңа мекенжайды қосу терезесін ашады, онда сізге қажетті деректерді толтыру қажет: қала, көше, үй нөмірі.

-Алушының контактілері:
Сіз тізімнен бұрыннан бар алушының контактісін таңдай аласыз немесе жаңа контакт қосуға болады.

Егер Сіз алушының жаңа контактін қосқыңыз келсе, «Жаңа алушы контактын қосу» батырмасын басыңыз
.
Содан кейін жүйе жаңа контакт қосу терезесін ашады, онда Сізге қажетті мәліметтерді толтыру қажет: Аты-жөні, Мобильдік нөмірі және электрондық пошта.
Содан кейін енгізілген телефон нөмірін растау үшін «Растау» батырмасын басу қажет.

Көрсетілген нөмірге SMS арқылы код келеді. Сол кодты енгізіп, «Қосу» батырмасын басу қажет:
Қалалық нөмірді таңдаған жағдайда, қалалық нөмірді енгізу қажет:
Қалауыңыз бойынша сенімді алушыны қосу
Қажет болған жағдайда, «Сенімді алушы» батырмасын басу арқылы сенімді алушыны қоса аласыз.

Кейін сіз тізімнен сенімді алушыны таңдай аласыз.
Немесе жаңа алушыны қосып, «Қосу» батырмасын басыңыз.
Содан кейін сенімді алушының телефон нөмірін СМС-тен келген код арқылы растаңыз да, «Қосу» батырмасын басыңыз
.
Қалалық нөмірді таңдау жағдайында қалалық нөмірді енгізу қажет:
«Сенімді алушы» өрісін жою үшін себет белгішесін басуға болады.
Егер тауарларды бірнеше мекенжайға жеткізу қажет болса, «Бірнеше мекенжайға жеткізу» мәнін таңдаңыз.

Осы бөлімде әр тауарға жеке менжай таңдайсыз ,немесе жеткізудерді бөле аласыз. 
Егер сізге 3-ші, 4-ші және одан кейінгі қосымша жеткізу мекенжайларын қосу қажет болса, кассадағы «Жеткізу мекенжайын қосу» батырмасын басыңыз.
Егер сізге қосылған мекенжай қажет болмаса, оны жою үшін себет белгішесін бассаңыз болады
.
Сондай-ақ әрбір мекенжай үшін тауар санының жалпы тауар мөлшерінен аспайтындай етіп дұрыс толтыруыңыз қажет.
Егер тапсырыс беруші өрісті дұрыс толтырмаса, мәтін көрсетіліп, өріс қызыл түспен белгіленеді.
«Тауарлар» бөлімі бірінші қадамда сіз толтырған деректерді көрсетеді
.
Ресімдеуші тұлға-тапсырысты ресімдейтін қызметкердің деректері
"Жеткізу орны" бөлімін сәтті толтырғаннан кейін жеткізушілерді таңдауға көшу үшін "Келесі" батырмасын басу қажет
Жүйе 3-қадамды — «Жеткізушілерді таңдау» бөлімін ашады.
Бұл бөлімде келесі ақпарат көрсетіледі:
- Жоспарлы сома – тапсырыс беруші төлеуге дайын сома
- Рұқсат етілген жеткізушілер – бағасы жоспарлы сомадан аспайтын жеткізушілер
- ҚҚС төлеуші – жеткізушінің ҚҚС төлеуші мәртебесі
- Тауар – жеткізуші ұсынған тауар
- Ұсынылған сома – жеткізуші ұсынған баға
Сіз сатып алуды тапсырыс немесе алдын ала тапсырыс ретінде рәсімдей аласыз.
Тапсырыс рәсімдеу кезінде:
- барлық жеткізушілерді таңдау;

- немесе нақты таңдалған жеткізушілерді ғана таңдау мүмкіндігі бар.

Сіз жеткізушілер тізіміне өзіңіз қосымша жеткізушілерді қоса аласыз.
Егер жеткізуші мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз жеткізушілер тізілімінде болса, жүйе оны автоматты түрде анықтап, тапсырысқа қатыстырмайды.
Мұндай жеткізушілер «Бас тартылған жеткізушілер» блогында көрсетіледі.
Келесі қадам – жеткізушілерді тексеру.
«Тапсырысты растау» бөлімі:
- Сатып алу түрі (мысалы, бастапқы)
- Тапсырыс түрі (мысалы, біріктірілген)
- Жалпы саны (мысалы, 20)
Бұл бөлім тек қарауға арналған. Өзгерту үшін алдыңғы қадамдарға оралу қажет.
Тауар карточкасы («Тауар 1 / Тауар 2»):
- Тауар суреті
- Тауар атауы (сілтеме арқылы толық ақпарат ашылады)
- Жеткізу мерзімі
- Саны
- Жоспарлы сома
Мекенжайлар мен байланыстар:
Әр жеткізу мекенжайы бойынша:
- жеткізу мекенжайы
- алушының аты-жөні және телефоны көрсетіледі
Бірнеше мекенжай болған жағдайда бұл блок әрқайсысы үшін қайталанады.
«Жеткізушілер тізімі» блогы:
- Рұқсат етілген жеткізушілер
- Әр жеткізуші бойынша ұсынылған сома (ҚҚС-сыз)

«Құжаттар» өрісі:
Ерекше шарттар болған жағдайда 15 МБ дейін құжат жүктей аласыз.
Құжатты жүктеу үшін файлды таңдау немесе блокқа сүйреп апару қажет.
Жүктелген құжаттарды жою мүмкіндігі бар.
Бұл құжаттар тапсырыспен бірге жеткізушілерге жіберіледі.
Соңында «Тапсырысты рәсімдеу» батырмасын басыңыз.
Тапсырыс рәсімделіп, жеке кабинеттегі «Жаңа тапсырыстар» бөліміне өтеді.