4. Коммерциялық жеткізушінің жұмыс кабинеті

Last modified by Жадыра Сайлауова on 23.02.2026

«Жеткізуші» рөліндегі пайдаланушыға «Тапсырыстар – Жаңа тапсырыстар» бөлімінде расталуға келген барлық тапсырыстар көрсетіледі.1764590675204-335.png

Осы «Тапсырыстар» бөлімінде Жеткізушіге келесі әрекеттер қолжетімді: «Көру», «Растау», «Бас тарту» және тапсырысты фильтр бойынша іздеу.

Сыртқы көрінісі бойынша Коммерциялық тапсырыс жалпы тізімде басқа тапсырыстардан еш айырмашылығы жоқ, бірақ Коммерциялық тапсырыстың ішінде жүйе келесі ескертуді көрсетеді:

"Бұл тапсырыс коммерциялық болып табылады – мемлекеттік сатып алу порталының аясында емес. Сондықтан ол Мемлекеттік сатып алу туралы заңға және ережелеріне бағынбайды.
Сізге бұл нені білдіреді:

  • Келісім-шартты сіз тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу порталынан тыс жасайсыз. Келісімнің формасы бойынша тікелей тапсырыс берушімен байланысу қажет.
  • Төлем тауар жеткізілгеннен кейін және барлық құжаттар (акттер, төлем шоттары және т.б.) тапсырыс берушіге берілгеннен кейін жүргізіледі."

1765454384550-291.png

Егер тапсырыста «Тапсырысқа өтінім № …» деректері көрсетілген болса және «Жүктеп алу» батырмасы бар болса, біз осы құжатты міндетті түрде жүктеп алып, танысуыңызды ұсынамыз — себебі бұл OMarket.kz платформасының жалпы офертасынан тыс қосымша талаптарды білдіреді.1764591138716-300.png

1764591149774-214.png

  • Тапсырыспен танысқаннан кейін Сіз тапсырысқа келісіп, оны қабылдай аласыз немесе осы тапсырыстан бас тарта аласыз.

1771846161434-756.png

«Растау» батырмасын басқаннан кейін таңдаған әрекеттерді растау терезесі ашылады.
1764591543635-538.png
Сізге «Мен ақпаратпен таныстым» деген өріске белгі қою қажет, содан кейін «Иә, растау» батырмасын басыңыз.
1764591571094-664.png

Содан кейін тапсырыс «Расталды» статусына өтеді.
1764591620666-168.png

Егер тапсырысты қабылдамау туралы шешім қабылданса, «Тапсырысты қабылдамау» түймесін басу қажет.
1771846211760-533.png

Коммерциялық алдын ала тапсырыстар.

«Жеткізуші» рөліндегі пайдаланушы үшін «Алдын ала тапсырыстар» бөлімінде тапсырыс берушілерден жасалған барлық алдын ала тапсырыстар/конкурстар тізімі көрсетіледі. Алдын ала тапсырыстарды жеке кабинетте көру үшін сол жақтағы мәзірден «Алдын ала тапсырыстар» бөліміне өтіңіз.

1764592265950-176.png

Алдын ала тапсырыстар бойынша қойындылар:

  • Актуалды алдын ала тапсырыстар — жүйеде әрекетте тұрған алдын ала тапсырыстар тізімі, жеткізушілер өз баға ұсыныстарын енгізіп, қатыса алады.
  • Қатысып жатырмын — жеткізуші қазіргі уақытта қатысып отырған алдын ала тапсырыстар тізімі.
  • Таңдаулы — пайдаланушылар үшін ыңғайлы қойынды, мұнда кез келген статусқа ие алдын ала тапсырыстарды бақылау үшін қосуға болады.
  • Аяқталғандар — әртүрлі жүйелік статустары бар аяқталған алдын ала тапсырыстар тізімі.

1764592251423-789.png

Өз бағанызды ұсыну үшін жеткізушіге тауар карточкасына басу қажет, содан кейін жүйе алдын ала тапсырыстың толық көрінісін ашады.1764592237206-207.png
Бағаны ұсыну үшін тауарды таңдап, бағаны енгізіп, кейін «Бағаны ұсыну» батырмасын басу қажет.1764592313752-861.png
Одан кейін бағаны предзаказға ұсыну әрекетін растау терезесі ашылады. Сіз бұл ақпаратпен танысып, «Иә, келісемін» немесе «Қазір жоқ» батырмасын басуыңыз қажет.1764592351799-820.png

Егер сіз батырманы бассаңыз:

  • «Иә, келісемін» — жүйе сіздің бағаңызды предзаказға енгізеді, және сіз предзаказға қатыса аласыз.

Назар аударыңыз! Предзаказдан бағаны алып тастау мүмкін емес.

  • 1764592491642-153.png
  • «Қазір емес» — жүйе сіздің бағаңызды предзаказға жібермейді.

Коммерциялық тапсырыстарды жүзеге асыру үшін OMarket.kz платформасына қол жеткізу қызметтері бойынша комиссия мөлшері 0% құрайды.
Назар аударамыз, 0% тариф Омаркет жеткізу қызметіне қолданылмайды.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

  • OMarket.kz платформасында коммерциялық тапсырыстар мемлекеттік сатып алулар шеңберінде өткізілмегендіктен, олар қабылданбаған тапсырыстардың пайызын есептегенде есепке алынбайды.

  • Мұндай коммерциялық тапсырыстар бойынша барлық келісімшарттар мен басқа келісулер OMarket.kz платформасынан тыс жүргізіледі. Келісімшарт шарттары, төлем және басқа мәліметтерді нақтылау үшін тікелей тапсырыс беруші ұйымға хабарласу қажет.

  • Коммерциялық тапсырыстар бойынша төлем тапсырыс беруші мен жеткізуші арасындағы келісім бойынша жүзеге асырылады. Көбінесе төлем тауар жеткізілгеннен кейін және тапсырыс берушіге барлық қажетті құжаттар (акт, шот-фактура және т.б.) ұсынылғаннан кейін жасалады.