Wiki source code of 5. Нормативно - правовые акты (НПА)
Last modified by Admin Admin on 10.09.2025
Show last authors
| author | version | line-number | content |
|---|---|---|---|
| 1 | **Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары** | ||
| 2 | |||
| 3 | ~1. Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру [[қағидалары>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035238#z16]] (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының [[Заңына>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000434#z53]] (бұдан әрі – Заң), "[[Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z030000370_#z1]]", "[[Ақпараттандыру туралы>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000418#z1]]" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды. | ||
| 4 | |||
| 5 | 2. Қағидалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды. | ||
| 6 | |||
| 7 | |||
| 8 | **1-тарау. Жалпы ережелер** | ||
| 9 | |||
| 10 | 3. Осы Қағидаларда Заңның [[3-бабында>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000434#z3]] көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады: | ||
| 11 | |||
| 12 | 20) электрондық сауда алаңы – уәкілетті органмен келісім бойынша бірыңғай оператор айқындайтын талаптарға сәйкес келетін, сатып алуға қатысушыларға электрондық дүкен арқылы веб-порталдың қызметтеріне қолжеткізуді ұсынатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйе; | ||
| 13 | |||
| 14 | |||
| 15 | **5 -тарау. Демпингтік бағаны айқындау тәртібі** | ||
| 16 | |||
| 17 | **3-параграф. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде демпингтік бағаны айқындау тәртібі** | ||
| 18 | |||
| 19 | |||
| 20 | 99. Электрондық дүкенде орналастырылған тауарға әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы, егер ол көрсетілген тауарға ақпарат орналастырған әлеуетті өнім берушілердің барлық баға ұсыныстарының орташа арифметикалық бағасынан отыз пайыздан астам төмен болса, демпингтік деп танылады. | ||
| 21 | |||
| 22 | Орташа арифметикалық баға Заңның [[7-бабына>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000434#z7]] сәйкес шектеуі жоқ және мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген бағадан аспайтын әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары арасында есептеледі. | ||
| 23 | |||
| 24 | Заңның 13-бабының [[2-тармағына>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000434#z138]] сәйкес мұндай баға ұсынысын электрондық дүкен автоматты түрде қабылдамауға тиіс. | ||
| 25 | |||
| 26 | **14-тарау. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі** | ||
| 27 | |||
| 28 | |||
| 29 | 429. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады. Бұл ретте электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алудың мәні тауар болып табылады. | ||
| 30 | |||
| 31 | 430. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу бірыңғай оператор қалыптастыратын тауарлардың электрондық каталогын пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары негізінде жүзеге асырылады. | ||
| 32 | |||
| 33 | 431. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу тапсырыс арқылы жүзеге асырылады, онда келесі мәліметтер болуы керек: | ||
| 34 | |||
| 35 | 1) бөлінген сомаларды көрсете отырып, өткізілетін мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылатын тауардың маркасы мен саны; | ||
| 36 | |||
| 37 | 2) сатып алынатын тауардың толық сипаттамасы; | ||
| 38 | |||
| 39 | 3) тауарды жеткізу орны және тауарды жеткізу шарты; | ||
| 40 | |||
| 41 | 4) тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімдері; | ||
| 42 | |||
| 43 | 5) қосалқы қызметтер. | ||
| 44 | |||
| 45 | Бұл ретте, әлеуетті өнім берушінің тапсырысты растауы тапсырыста және шарттың үлгілік жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді жүзеге асыруға оның келісімін білдіру нысаны болып табылады. | ||
| 46 | |||
| 47 | 432. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын біртекті тауарларға жүргізіледі. | ||
| 48 | |||
| 49 | Электрондық дүкен арқылы әдісті қолдану мақсатында қаржы жылы ішінде біртекті тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін олардың біреуінің мөлшері осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделгеннен аз бөліктерге бөлуге жол берілмейді. | ||
| 50 | |||
| 51 | 432-1 Бірыңғай оператор электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін электрондық сауда алаңдары мен олардың әлеуетті өнім берушілерінің тізімін қалыптастырады. Әлеуетті өнім берушінің тауарға баға ұсынысын тек бір электрондық сауда алаңынан беруіне жол беріледі. | ||
| 52 | |||
| 53 | Ескерту. 14-тарау 432-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 [[№ 809>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z54]] (01.01.2025 бастап [[қолданысқа>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z7]] енгізіледі) бұйрығымен. | ||
| 54 | |||
| 55 | 433. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу мынадай ретпен жүзеге асырылады: | ||
| 56 | |||
| 57 | 1) тапсырыс беруші электрондық сауда алаңында тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келетін тауарлардың бір немесе одан да көп моделін таңдайды және осындай тауарларды сатып алуға тапсырыс рәсімдейді. Рәсімделген тапсырысқа тапсырыс берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылады; | ||
| 58 | |||
| 59 | 2) электрондық сауда алаңы тапсырысты электронды дүкенге жібереді; | ||
| 60 | |||
| 61 | 3) электрондық дүкен ағымдағы баға ұсыныстарын ұсыну үшін барлық электрондық сауда алаңдарына тапсырыс туралы хабарлайды; | ||
| 62 | |||
| 63 | 4) электрондық сауда алаңдары электрондық дүкен хабарлама жіберген сәттен бастап он бес минут ішінде тапсырыс беруші таңдаған тауар үлгілері бойынша өнім берушілер және олардың өзекті бағалары туралы ақпаратты қалыптастырады және оларды электрондық дүкенге жібереді; | ||
| 64 | |||
| 65 | 5) электрондық дүкен осы Қағидаларға [[26-қосымшаға>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035238#z2804]] сәйкес нысан бойынша қорытындылар туралы алдын ала хаттамасын қалыптастырады. | ||
| 66 | |||
| 67 | Қорытындылардың алдын ала хаттамасын қалыптастырғаннан кейін электрондық сауда алаңдарының тапсырыс бойынша ақпарат беруіне жол берілмейді; | ||
| 68 | |||
| 69 | 6) электрондық дүкен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстырады және тапсырысты тауардың бағасы межелі жерге дейін жеткізу құнын ескере отырып, тауардың бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім берушіге электрондық сауда алаңы арқылы жібереді; | ||
| 70 | |||
| 71 | 7) тапсырыс алған әлеуетті өнім беруші электрондық сауда арқылы электрондық дүкенге жолданатын тапсырысты растау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды; | ||
| 72 | |||
| 73 | 8) әлеуетті өнім беруші тапсырысты растаған жағдайда электрондық дүкен осы Қағидаларға 26-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындылар хаттамасын қалыптастырады, ол веб-порталда жарияланады; | ||
| 74 | |||
| 75 | 9) жеңімпаз шарт жасасады. | ||
| 76 | |||
| 77 | Ескерту. 433-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 [[№ 809>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z56]] (01.01.2025 бастап [[қолданысқа>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z7]] енгізіледі) бұйрығымен. | ||
| 78 | |||
| 79 | 434. Тапсырыс беруші таңдаған тауарға тапсырысты ресімдеуге осы Қағидалардың [[442-тармағында>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035238#z986]] көзделген шектеулері жоқ екі әлеуетті өнім берушінің қолданыстағы кемінде екі баға ұсынысы болған кезде жол беріледі. | ||
| 80 | |||
| 81 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қою белгіленген тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, тапсырыс беруші таңдаған тауарға тапсырысты ресімдеуге қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде тұрған және осы Қағидалардың 442-тармағында көзделген шектеулері жоқ әлеуетті өнім берушіден кемінде бір қолданыстағы баға ұсынысы болған кезде жол беріледі. | ||
| 82 | |||
| 83 | Бұл ретте тауар туралы ақпарат электрондық дүкенде орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін электрондық дүкенде тапсырысты ресімдеу үшін қолжетімді болады. | ||
| 84 | |||
| 85 | Ескерту. 434-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.06.2025 [[№ 321>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500036329#18]] (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. | ||
| 86 | |||
| 87 | 435. Электрондық дүкен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстырады және тауардың бағасы межелі жерге дейін жеткізу құнын ескере отырып, тауардың бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім берушіге тапсырысты жібереді. | ||
| 88 | |||
| 89 | Ескерту. 435-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 [[№ 809>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z58]] (01.01.2025 бастап [[қолданысқа>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z7]] енгізіледі) бұйрығымен. | ||
| 90 | |||
| 91 | 435-1. Егер тауарға тапсырысты рәсімдеу кезінде сауда алаңдары осы Қағидалардың 442-тармағының шарттарына сәйкес келетін екіден аз баға ұсынысын ұсынған жағдайда, тапсырыс беруші жұмыс күндері 24 (жиырма төрт) сағат өткеннен кейін тапсырысты рәсімдеу күнін көрсете отырып, осындай тауарға баға ұсыныстарын беру үшін алдын ала тапсырысты жариялайды. | ||
| 92 | |||
| 93 | Бұл ретте, егер көрсетілген уақытта осы Қағидалардың 442-тармағының талаптарын ескере отырып, екіден астам баға ұсынысы жиналса, электрондық дүкен тапсырысты автоматты түрде қалыптастырады, өзге жағдайда сатып алу өтпеді деп танылады. | ||
| 94 | |||
| 95 | Электрондық сауда алаңдары арқылы әлеуетті өнім берушілер тапсырысқа қатысу үшін осындай тауарға баға ұсыныстарын орналастыра алады. | ||
| 96 | |||
| 97 | Ескерту. 14-тарау 435-1-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 [[№ 809>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z60]] (01.01.2025 бастап [[қолданысқа>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z7]] енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 21.08.2025 [[№ 456>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500036673#z48]] (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен. | ||
| 98 | |||
| 99 | 435-2. Электрондық дүкен әлеуетті өнім берушілердің барлық расталған және расталмаған тапсырыстар есебін жүргізеді. | ||
| 100 | |||
| 101 | Егер, әлеуетті өнім берушінің тапсырыстарды растамау пайызы соңғы айда сексен пайыздан асқан кезде, бестен астам тапсырыс алған жағдайда, әлеуетті өнім беруші сауда алаңдарының өнім берушілерінің тізімінен он бес күнтізбелік күнге шығарылады. | ||
| 102 | |||
| 103 | Ескерту. 14-тарау 435-2-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 [[№ 809>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z60]] (01.01.2025 бастап [[қолданысқа>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z7]] енгізіледі) бұйрығымен. | ||
| 104 | |||
| 105 | 435-3. Тауар өндіруші және оның ресми өкілдері (дилерлер немесе дистрибьюторлар) туралы ақпарат электрондық сауда алаңында көрсетіледі және электрондық дүкенге беріледі. | ||
| 106 | |||
| 107 | Тауар өндіруші мен оның ресми өкілдері (дилерлер немесе дистрибьюторлар) арасындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі. | ||
| 108 | |||
| 109 | Ескерту. 14-тарау 435-3-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 [[№ 809>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z60]] (01.01.2025 бастап [[қолданысқа>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z7]] енгізіледі) бұйрығымен. | ||
| 110 | |||
| 111 | 436. Тапсырысты әлеуетті өнім беруші хабарламаны жұмыс күндері жұмыс уақытында жіберген сәттен бастап 3 (үш) сағат ішінде (Астана қаласының уақыты бойынша 09.00-ден 18:00-ге дейін) расталады. Егер тапсырысты растау туралы хабарлама Астана уақытымен сағат 15:00-ден кейін жіберілсе, сағат 18:00-де тоқтайды. Тапсырысты растау үшін қалған уақыт келесі жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09:00-ден бастап қайта басталады. | ||
| 112 | |||
| 113 | 437. Әлеуетті өнім беруші тапсырысты растаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады. | ||
| 114 | |||
| 115 | 438. Тапсырыс беруші электрондық дүкенде бір тапсырыста бірлесіп қолданылатын, біріктірілген лотқа енгізілетін тауарлардың бірнеше түрін таңдауға құқылы және тапсырыстағы тауарлардың ең аз жиынтық құнын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады. | ||
| 116 | |||
| 117 | 439. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша: | ||
| 118 | |||
| 119 | 1) тапсырыс беруші осы Қағидалармен айқындалған тәртіпте және мерзімдерде веб-портал шарт жасасады. | ||
| 120 | |||
| 121 | Бұл ретте шартқа қосымша болып табылатын техникалық ерекшелік тауарлардың электрондық каталогында орналастырылған фотосуреттерді қоса алғанда, тауардың барлық техникалық сипаттамалары негізінде қалыптастырылады; | ||
| 122 | |||
| 123 | 2) осы Қағидаларға 26-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындылар туралы хаттамасы автоматты түрде қалыптастырылады. | ||
| 124 | |||
| 125 | Ескерту. 439-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 [[№ 809>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z64]] (01.01.2025 бастап [[қолданысқа>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z7]] енгізіледі) бұйрығымен. | ||
| 126 | |||
| 127 | 440. Бір тапсырыста әртүрлі қаржы кезеңдерінде қаржыландыру көзделген тауарларды көрсетуге жол берілмейді. | ||
| 128 | |||
| 129 | 441. Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған жағдайда, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын электрондық дүкенге берілген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады. | ||
| 130 | |||
| 131 | Егер әлеуетті өнім берушілердің ең төмен баға ұсыныстары бір мезгілде электрондық дүкенге берілген жағдайда, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын электрондық сауда алаңында орналастырылған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады. | ||
| 132 | |||
| 133 | Ескерту. 441-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 [[№ 809>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z66]] (01.01.2025 бастап [[қолданысқа>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z7]] енгізіледі) бұйрығымен. | ||
| 134 | |||
| 135 | 442. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы келесі жағдайларда электрондық дүкенде автоматты түрде қабылданбауға жатады: | ||
| 136 | |||
| 137 | 1) егер тауардың құны осы тауарларды сатып алуға бөлінген сомадан асып кеткен; | ||
| 138 | |||
| 139 | 2) Заңның 7-бабының [[1-тармағы>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000434#z104]] 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген; | ||
| 140 | |||
| 141 | 3) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы осы Қағидалардың [[99-тармағына>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035238#z248]] сәйкес демпингтік баға деп танылған; | ||
| 142 | |||
| 143 | 4) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы бірнеше рет және (немесе) әртүрлі электрондық сауда алаңдарынан берілген. | ||
| 144 | |||
| 145 | Өзге негіздер бойынша баға ұсыныстарын қабылдамауға жол берілмейді. | ||
| 146 | |||
| 147 | Ескерту. 442-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 [[№ 809>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z68]] (01.01.2025 бастап [[қолданысқа>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z7]] енгізіледі) бұйрығымен. | ||
| 148 | |||
| 149 | 443. Тапсырыс белгіленген мерзім ішінде бас тартылған немесе расталмаған жағдайда тапсырыс тауардың бағасы межелі пунктке дейін тауарды жеткізу құнын ескере отырып, ең төмен бағадан кейінгі болып табылатын әлеуетті өнім берушіге автоматты түрде жіберіледі. | ||
| 150 | |||
| 151 | Ескерту. 443-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 [[№ 809>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z69]] (01.01.2025 бастап [[қолданысқа>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035459#z7]] енгізіледі) бұйрығымен. | ||
| 152 | |||
| 153 | 444. Егер екі жұмыс күні ішінде тапсырысты әлеуетті өнім берушілердің бірде-бірі растамаса, электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады. | ||
| 154 | |||
| 155 | 445. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші мынадай: | ||
| 156 | |||
| 157 | 1) электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы; | ||
| 158 | |||
| 159 | 2) мемлекеттік сатып алуды Заңның [[10-бабында>>url:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000434#z10]] айқындалған өзге де бәсекелес тәсілдермен жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды. | ||
| 160 | |||
| 161 | 446. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі талаптар құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын шарттар бойынша өнім берушілерге қолданылмайды. | ||
| 162 | |||
| 163 | **18-тарау. Шарт** | ||
| 164 | |||
| 165 | **1-параграф. Шарт жасасу** | ||
| 166 | |||
| 167 | 538. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап мыналарға: | ||
| 168 | |||
| 169 | 2) құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша жасалған шарттар бойынша өнім берушілерді; |