3. Тіркелу

Last modified by Admin Admin on 23.05.2025

Ұйымды тіркеу үшін басты бетте оң жақ жоғарғы бұрыштағы «Кіру» түймесін басу қажет:
1737355832098-171.jpgАшылған беттегі «тіркелу» сілтемесін басу қажет.
1737356109922-235.jpg

Маңызды! Омаркет жүйесіне тіркелу тек мемлекеттік сатып алу қатысушы ретінде ЭГЗ порталында (https://goszakup.gov.kz/) немесе ЕЭП порталында (https://eep.mitwork.kz/ru/) тіркелген пайдаланушыларға ғана қолжетімді.
1737356175787-560.jpg
Егер сіздің ұйымыңыз ҚР Мемлекеттік сатып алулар порталына тіркелген болса, сәйкес атаумен белгі қойыңыз, немесе керісінше Еуразиялық электрондық порталына тіркелген болсаңыз сәйкес атауға белгіше қойыңыз. Содан кейін «ЭЦП сертификатын таңдаңыз» түймесін басу қажет.
1737356283619-309.jpg
Түймеге басқаннан соң NCALayer қолданбасының терезесі ашылады. Ашылған терезеде сізге ЭЦП кілтіңіздің жолын өзіңіздің жеке компьютеріңізде көрсету қажет. «Сақтау орны» 1736516422176-745.jpgөрісінің оң жағындағы белгішені басу арқылы сертификат жолын түзетуге болады.
1736935663754-179.jpg

Содан кейін бірінші басшының немесе ұйым атынан қол қою құқығы бар қызметкердің ЭЦП кілті GOST-файл түрінде таңдау қажет.

1736516570643-326.jpg

«Құпия сөз» өрісіне ЭЦП құпия сөзін енгізіп, «Ашу» түймесін басыңыз.

1736516723217-898.jpg

Ашылатын терезеде қажет кілтті таңдап, «Қол қою» түймесін басу қажет.
1736516861867-288.jpg

1736516868928-868.jpg
Осыдан кейін пайдаланушы деректері бар терезе ашылады, оны толтырып, құпия сөзді ойлап табу қажет. Құпия сөз үшін сұранылған міндетті ақпаратты сақтау қажет.

1736516971868-148.jpg

Барлық міндетті өрістер толтырылғаннан кейін ғана «Келесі» түймесі белсенді болады.
1736517064958-835.jpg
«Келесі» түймесін басқаннан кейін заңды тұлға туралы мәліметтер бар тереза ашылады. Егер ұйым ҚҚС төлеушісі болса, міндетті түрде «ҚҚС төлеушісі» чекбоксын белгілеңіз және «Келесі» түймесін басыңыз.
1736517212377-905.jpg
Келесі кезеңде оферта келісім-шартына қол қою процесі жүзеге асады. Ол үшін «Оферта шарттарымен таныстым және қабылдаймын» чекбоксын белгілеңіз және «ЭЦП сертификатын таңдаңыз» түймесін басыңыз.
1736517329748-656.jpg
Оферта келісім-шартына ЭЦП кілтімен сәтті қол қойылғаннан кейін, тіркелу сәтті аяқталады. Жүйе сізді Омаркет авторизацияланған бетіне бағыттайды.