Last modified by Admin Admin on 24.02.2026

Show last authors
1 **Omarket.kz қызметтері («Smart Bridge» ЖШС меншік иесінің тапсырмасы бойынша «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС операторы).**
2
3 **1.      OMarket.kz арқылы тапсырыстарды жүзеге асыруға қол жеткізу қызметі**
4
5 Тауарлардың барлық санаттарына тапсырыстар бойынша деректерге қол жеткізу қызметтерінің **базалық тарифі** - **ҚҚС есептемегенде тауардың жалпы құнының 5%** құрайтын болады.
6
7 Барлық коммерциялық тапсырыстар үшін қолжетімділік қызметінің тарифі 0%-ды құрайды. Коммерциялық тапсырыс — бұл мемлекеттік сатып алу жүйесі мен Mitwork жүйесінен тыс ресімделген тапсырыс. Ол жоспар тармақтарымен байланысты емес және мемлекеттік сатып алу порталының электрондық дүкені немесе ЕЭП арқылы өтпейді.
8
9 Бұл ретте комиссия сомасы 40 АЕК-тен аспайды (2026 жылғы мөлшерлеме бойынша - 173 000 теңге).
10
11 Себеттен біріктірілген тапсырыс болған жағдайда, Жүйе комиссияны тауардың әр позициясы бойынша бөлек есептейді.
12
13 **Қызметтерге жеңілдіктер:**
14
15 1.**  //Базалық тариф сомасының 40%-ы (нәтижесінде 3%-дан аспайды)//** - тікелей өндірушілер сататын **отандық тауар өндірушілердің** тауарларымен (тиісті индустриялық сертификаттары бар) тапсырыстар үшін.
16
17 2.  **//Базалық тариф сомасының 40%-ы (нәтижесінде 3%-дан аспайды) -//** мемлекеттік бағалық реттеуге жататын тауарлар санаттары үшін:
18
19 - Отын (автогаз, бензин, дизель отыны және т. б.);
20
21 - Ауаны дезинфекциялауға арналған құралдар (кварц шамдары);
22
23 - Дәрі-дәрмектер мен ББҚ-тар (алғашқы көмек жинағынан басқа).
24
25
26 **Бонустық бағдарлама (тапсырыс расталғаннан кейін автоматты түрде есептеледі):**
27
28 * Тауар бойынша базалық тариф 5%-ға есептелген жағдайда тапсырыс үшін комиссиядан есептелетін бонус сомасы 15% құрайды.
29 * Жеңілдік үлгілері бойынша 3% тариф есептелген жағдайда (жоғарыда сипатталған) - тапсырыс үшін комиссиядан есептелетін бонус сомасы 10% құрайды.
30 * Комиссия 40 АЕК немесе 3%-дан төмен есептелген жағдайда - бонустар есептелмейді.
31 * Коммерциялық тапсырыстар үшін 0% тарифі есептелген жағдайда — бонустар есептелмейді.
32
33 Бонустарды есептеу мысалдары:
34
35 | |Тауар сомасы, тг|Тариф|(% style="width:146px" %)Есептелген комиссия, тг|(% style="width:127px" %)Нәтижелік комиссия, тг|(% style="width:211px" %)Бонус мөлшері
36 |Негізгі тариф|200 000|5%|(% style="width:146px" %)10 000|(% style="width:127px" %)10 000|(% style="width:211px" %)Комиссиядан 15% = 1 500 тг
37 |Отандық өндіруші немесе мемлекеттік реттелетін тауар|200 000|3%|(% style="width:146px" %)6 000|(% style="width:127px" %)6 000|(% style="width:211px" %)Комиссиядан 10% = 600 тг
38 | Ірі тапсырыс (40 АЕК лимиті)|6 000 000|3%|(% style="width:146px" %)300 000|(% style="width:127px" %)Ограничено 40 МРП = 173 000тг|(% style="width:211px" %)Бонус есептелмейді
39
40 **НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!**
41
42 * Бонустар **есептелген күннен бастап 3 ай ішінде** пайдалануға **қол жетімді емес**. Мерзімі аяқталғаннан кейін - бонустар тапсырыс үшін комиссияны төлеу кезінде пайдалануға болады, бірақ тапсырыс үшін комиссияның жалпы сомасының 50%-нан аспайды.
43 * __//Өнім беруші тіркелген және/немесе өзге бәсекелестік сауда алаңына қатысқан жағдайда бонустар автоматты түрде жойылып кетеді.//__
44 * __//Бонустар қол жетімді болған сәттен бастап 3 ай ішінде пайдаланылмаған жағдайда – бонустар автоматты түрде жойылып кетеді.//__
45
46 Тапсырыс үшін комиссия бойынша жеңілдіктер қосылмайды, бұл ретте ең жоғары жиынтық жеңілдік **40% (нәтижесінде 3%)** (қырық пайыздан аспайды) құрайды.
47
48 **OMarket.kz арқылы тапсырыстарды жүзеге асыру үшін қол жеткізу қызметінің комиссия мөлшерлемесі ҚҚС-ты қамтымайды және тауардың ҚҚС-сыз бағасына қолданылады.**
49
50 Қаражат шартқа қол қойылғаннан кейін ғана есептен шығарылады.
51
52 Сауда ұсыныстарын тіркеу және орналастыру - тегін.
53
54 Жекелеген жағдайларда Оператор қызметтердің құны бойынша қосымша шарттар белгілеуге құқылы.