Show last authors
1 **Omarket.kz қызметтері («Smart Bridge» ЖШС меншік иесінің тапсырмасы бойынша «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС операторы).**
2
3 **1.      OMarket.kz арқылы тапсырыстарды жүзеге асыруға қол жеткізу қызметі**
4
5 Тауарлардың барлық санаттарына тапсырыстар бойынша деректерге қол жеткізу қызметтерінің **базалық тарифі** - **ҚҚС есептемегенде тауардың жалпы құнының 5%** құрайтын болады.
6
7 Бұл ретте комиссия сомасы 40 АЕК-тен аспайды (2025 жылғы мөлшерлеме бойынша - 157 280 теңге).
8
9 Себеттен біріктірілген тапсырыс болған жағдайда, Жүйе комиссияны тауардың әр позициясы бойынша бөлек есептейді.
10
11 **Қызметтерге жеңілдіктер:**
12
13 1.**  //Базалық тариф сомасының 40%-ы (нәтижесінде 3%-дан аспайды)//** - тікелей өндірушілер сататын **отандық тауар өндірушілердің** тауарларымен (тиісті индустриялық сертификаттары бар) тапсырыстар үшін.
14
15 2.  **//Базалық тариф сомасының 40%-ы (нәтижесінде 3%-дан аспайды) -//** мемлекеттік бағалық реттеуге жататын тауарлар санаттары үшін:
16
17 - Отын (автогаз, бензин, дизель отыны және т. б.);
18
19 - Ауаны дезинфекциялауға арналған құралдар (кварц шамдары);
20
21 - Дәрі-дәрмектер мен ББҚ-тар (алғашқы көмек жинағынан басқа).
22
23
24 **Бонустық бағдарлама (тапсырыс расталғаннан кейін автоматты түрде есептеледі):**
25
26 * Тауар бойынша базалық тариф 5%-ға есептелген жағдайда тапсырыс үшін комиссиядан есептелетін бонус сомасы 15% құрайды.
27 * Жеңілдік үлгілері бойынша 3% тариф есептелген жағдайда (жоғарыда сипатталған) - тапсырыс үшін комиссиядан есептелетін бонус сомасы 10% құрайды.
28 * Комиссия 40 АЕК немесе 3%-дан төмен есептелген жағдайда - бонустар есептелмейді.
29
30 Бонустарды есептеу мысалдары:
31
32 | |Тауар сомасы, тг|Тариф|(% style="width:146px" %)Есептелген комиссия, тг|(% style="width:127px" %)Нәтижелік комиссия, тг|(% style="width:211px" %)Бонус мөлшері
33 |Негізгі тариф|200 000|5%|(% style="width:146px" %)10 000|(% style="width:127px" %)10 000|(% style="width:211px" %)Комиссиядан 15% = 1 500 тг
34 |Отандық өндіруші немесе мемлекеттік реттелетін тауар|200 000|3%|(% style="width:146px" %)6 000|(% style="width:127px" %)6 000|(% style="width:211px" %)Комиссиядан 10% = 600 тг
35 | Ірі тапсырыс (40 АЕК лимиті)|6 000 000|3%|(% style="width:146px" %)300 000|(% style="width:127px" %)Ограничено 40 МРП = 157 280|(% style="width:211px" %)Бонус есептелмейді
36
37 **НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!**
38
39 * Бонустар **есептелген күннен бастап 3 ай ішінде** пайдалануға **қол жетімді емес**. Мерзімі аяқталғаннан кейін - бонустар тапсырыс үшін комиссияны төлеу кезінде пайдалануға болады, бірақ тапсырыс үшін комиссияның жалпы сомасының 50%-нан аспайды.
40 * __//Өнім беруші тіркелген және/немесе өзге бәсекелестік сауда алаңына қатысқан жағдайда бонустар автоматты түрде жойылып кетеді.//__
41 * __//Бонустар қол жетімді болған сәттен бастап 3 ай ішінде пайдаланылмаған жағдайда – бонустар автоматты түрде жойылып кетеді.//__
42
43 Тапсырыс үшін комиссия бойынша жеңілдіктер қосылмайды, бұл ретте ең жоғары жиынтық жеңілдік **40% (нәтижесінде 3%)** (қырық пайыздан аспайды) құрайды.
44
45 **OMarket.kz арқылы тапсырыстарды жүзеге асыру үшін қол жеткізу қызметінің комиссия мөлшерлемесі ҚҚС-ты қамтымайды және тауардың ҚҚС-сыз бағасына қолданылады.**
46
47 Қаражат шартқа қол қойылғаннан кейін ғана есептен шығарылады.
48
49 Сауда ұсыныстарын тіркеу және орналастыру - тегін.
50
51 Жекелеген жағдайларда Оператор қызметтердің құны бойынша қосымша шарттар белгілеуге құқылы.