Қолданыстағы тарифтер және бонустық бағдарлама (04.08.2025 бастап)

Last modified by Admin Admin on 30.07.2025

Omarket.kz қызметтері («Smart Bridge» ЖШС меншік иесінің тапсырмасы бойынша «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС операторы).

1.      OMarket.kz арқылы тапсырыстарды жүзеге асыруға қол жеткізу қызметі

Тауарлардың барлық санаттарына тапсырыстар бойынша деректерге қол жеткізу қызметтерінің базалық тарифі - ҚҚС есептемегенде тауардың жалпы құнының 5% құрайтын болады.

Бұл ретте комиссия сомасы 40 АЕК-тен аспайды (2025 жылғы мөлшерлеме бойынша - 157 280 теңге).

Себеттен біріктірілген тапсырыс болған жағдайда, Жүйе комиссияны тауардың әр позициясы бойынша бөлек есептейді.

Қызметтерге жеңілдіктер:

1.  Базалық тариф сомасының 40%-ы (нәтижесінде 3%-дан аспайды) - тікелей өндірушілер сататын отандық тауар өндірушілердің тауарларымен (тиісті индустриялық сертификаттары бар) тапсырыстар үшін.

2.  Базалық тариф сомасының 40%-ы (нәтижесінде 3%-дан аспайды) - мемлекеттік бағалық реттеуге жататын тауарлар санаттары үшін:

- Отын (автогаз, бензин, дизель отыны және т. б.);

- Ауаны дезинфекциялауға арналған құралдар (кварц шамдары);

- Дәрі-дәрмектер мен ББҚ-тар (алғашқы көмек жинағынан басқа).

Бонустық бағдарлама (тапсырыс расталғаннан кейін автоматты түрде есептеледі):

  • Тауар бойынша базалық тариф 5%-ға есептелген жағдайда тапсырыс үшін комиссиядан есептелетін бонус сомасы 15% құрайды.
  • Жеңілдік үлгілері бойынша 3% тариф есептелген жағдайда (жоғарыда сипатталған) - тапсырыс үшін комиссиядан есептелетін бонус сомасы 10% құрайды.
  • Комиссия 40 АЕК немесе 3%-дан төмен есептелген жағдайда - бонустар есептелмейді.

Бонустарды есептеу мысалдары: 

 Тауар сомасы, тгТарифЕсептелген комиссия, тгНәтижелік комиссия, тгБонус мөлшері
Негізгі тариф200 0005%10 00010 000Комиссиядан 15% = 1 500 тг
Отандық өндіруші немесе мемлекеттік реттелетін тауар200 0003%6 0006 000Комиссиядан 10% = 600 тг
 Ірі тапсырыс (40 АЕК лимиті)6 000 0003%300 000Ограничено 40 МРП = 157 280Бонус есептелмейді

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

  • Бонустар есептелген күннен бастап 3 ай ішінде пайдалануға қол жетімді емес. Мерзімі аяқталғаннан кейін - бонустар тапсырыс үшін комиссияны төлеу кезінде пайдалануға болады, бірақ тапсырыс үшін комиссияның жалпы сомасының 50%-нан аспайды.
  • Өнім беруші тіркелген және/немесе өзге бәсекелестік сауда алаңына қатысқан жағдайда бонустар автоматты түрде жойылып кетеді.
  • Бонустар қол жетімді болған сәттен бастап 3 ай ішінде пайдаланылмаған жағдайда – бонустар автоматты түрде жойылып кетеді.

Тапсырыс үшін комиссия бойынша жеңілдіктер қосылмайды, бұл ретте ең жоғары жиынтық жеңілдік 40% (нәтижесінде 3%) (қырық пайыздан аспайды) құрайды.

OMarket.kz арқылы тапсырыстарды жүзеге асыру үшін қол жеткізу қызметінің комиссия мөлшерлемесі ҚҚС-ты қамтымайды және тауардың ҚҚС-сыз бағасына қолданылады.

Қаражат шартқа қол қойылғаннан кейін ғана есептен шығарылады.

Сауда ұсыныстарын тіркеу және орналастыру - тегін.

Жекелеген жағдайларда Оператор қызметтердің құны бойынша қосымша шарттар белгілеуге құқылы.