8. Қолданыстағы тарифтер (01.06.2025 бастап)
Omarket.kz қызметтері («Smart Bridge» ЖШС меншік иесінің тапсырмасы бойынша «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС операторы).
1. OMarket.kz арқылы тапсырыстарды жүзеге асыруға қол жеткізу қызметі
Тауарлардың барлық санаттарына тапсырыстар бойынша деректерге қол жеткізу қызметтерінің базалық тарифі - ҚҚС есептемегенде тауардың жалпы құнының 5% құрайтын болады.
Бұл ретте комиссия сомасы 40 АЕК-тен аспайды (2025 жылғы мөлшерлеме бойынша - 157 280 теңге).
Себеттен біріктірілген тапсырыс болған жағдайда, Жүйе комиссияны тауардың әр позициясы бойынша бөлек есептейді.
Қызметтерге жеңілдіктер:
1. Базалық тариф сомасының 40%-ы (нәтижесінде 3%-дан аспайды) - тікелей өндірушілер сататын отандық тауар өндірушілердің тауарларымен (тиісті индустриялық сертификаттары бар) тапсырыстар үшін.
2. Базалық тариф сомасының 40%-ы (нәтижесінде 3%-дан аспайды) - мемлекеттік бағалық реттеуге жататын тауарлар санаттары үшін:
- Отын (автогаз, бензин, дизель отыны және т. б.);
- Ауаны дезинфекциялауға арналған құралдар (кварц шамдары);
- Дәрі-дәрмектер мен ББҚ-тар (алғашқы көмек жинағынан басқа).
Сату деңгейі – өнім берушінің алдыңғы 12 айдағы айналымы (ҚҚС-сыз).
Сату деңгейі* | Өнім беруші деңгейінің атауы | Жеңілдік |
3 млн. тг дейін | START | жеңілдіктер жоқ** |
3 млн. тг бастап | STANDARD | 10% жеңілдік** |
* өнім беруші тіркелген және/немесе мемлекеттік сатып алу саласындағы өзге бәсекелестік сауда алаңына қатысқан жағдайда сату деңгейі omarket.kz қайта (жаңа) тіркелген күннен бастап есептеледі, алдыңғы айналымдарды есепке алмағанда;
** жеңілдіктің ең төменгі пайызы көрсетілген, сонымен қатар оператор жеке шарттар мен қызметтерді әзірлеу және ұсыну құқығын өзіне қалдырады
Жеңілдіктер қосылмайды, бұл ретте максималды жиынтық жеңілдік 40% (нәтижесінде 3%) (қырық пайыздан аспайды) құрайды.
OMarket.kz арқылы тапсырыстарды жүзеге асыру үшін қол жеткізу қызметінің комиссия мөлшерлемесі ҚҚС-ты қамтымайды және тауардың ҚҚС-сыз бағасына қолданылады.
Қаражат шартқа қол қойылғаннан кейін ғана есептен шығарылады.
Сауда ұсыныстарын тіркеу және орналастыру - тегін.
Жекелеген жағдайларда Оператор қызметтердің құны бойынша қосымша шарттар белгілеуге құқылы.
Өтпелі ережелер.
Мамыр айына қатысты актілеуге жататын тапсырыстар маусым айында 2025 жылғы 1 маусымға дейін қолданыста болған шарттар негізінде “Электрондық коммерция орталығы” ЖШС тарапынан актіленеді.
«Электрондық коммерция орталығы» ЖШС-нің бұрын белгіленген тарифтері негізінде расталған және алдыңғы абзацтың шарттарына сәйкес актіленбеген тапсырыстар «Smart bridge» ЖШС «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің резиденті болып табылатындығына байланысты ҚҚС-ты есепке алмағанда (растау сәтінде қолданыста болған ставкалар бойынша) тапсырыстар сомалары негізінде қайта есептелуге жатады.