Шағымдар (тапсырыс беруші)
Рөлі «Тапсырыс беруші» болған пайдаланушыға «Шағымдар» бөлімінде «маған» қойындысында Тапсырыс берушіге Жеткізушілерден түскен шағымдар және «менен» қойындысында Тапсырыс берушіден Жеткізушілерге жіберілген шағымдар көрсетіледі.
«Маған» қойындысында «Жұмыста» статусындағы шағымды көру, сүзгіден өткізу және пікір қалдыру мүмкіндігі бар.

«Менен» қойындысында шағымдарды көру, сүзгіден өткізу, жіберу және «Жұмыста» статусындағы шағымды қайтарып алу мүмкіндігі бар.

Шағымдардың статустары:
«Менен» қойындысы:
Жұмыста – Тапсырыс беруші қалыптастырған, өңдеуге алынған шағымдар. Шағым «Жұмыста» статусында болғанда Жеткізуші шағымға пікір қалдыра алады.
Расталған – Тапсырыс беруші берген шағым бойынша бұзушылық фактісі расталған. Жеткізушіге айыппұл салынды.
Расталмаған – Тапсырыс беруші берген шағымды дүкен модераторы қарастырғанымен, бұзушылық анықталмаған.
Қаралған – Тапсырыс беруші берген шағымды модератор қарастырған және жеке шешім қабылданған.
Қайтарылған – Тапсырыс беруші берген шағым қайтарылған.
«Маған» қойындысы:
Жұмыста – Жеткізуші қалыптастырған, өңдеуге алынған шағымдар. Шағым «Жұмыста» статусында болғанда Тапсырыс беруші шағымға пікір қалдыра алады.
Расталған – Жеткізуші берген шағым бойынша бұзушылық фактісі расталған.
Расталмаған – Жеткізуші берген шағымды дүкен модераторы қарастырғанымен, бұзушылық анықталмаған.
Қаралған – Жеткізуші берген шағымды модератор қарастырған және жеке шешім қабылданған.
Қайтарылған – Жеткізуші берген шағым қайтарылған.
Шағымды көру
Шағымды көру үшін «Көру» батырмасын басу қажет:
Нәтижесінде Жүйе шағым туралы толық ақпарат бар бетті көрсетеді.