Ұйым профилі (Тапсырыс беруші)

Last modified by Admin Admin on 13.12.2024

«Тапсырыс беруші» рөліндегі қолданушыға, «Жеке кабинет» бөлімінде, тапсырыс беруші ұйымы туралы жалпы ақпарат көрсетіледі. Осы ақпаратты көру үшін, оң жақ үстінгі бұрыштағы қызметкердің аты-жөніне басып, «Жеке кабинет» бөлімін таңдау қажет.

1733470548708-627.png

«Администратор» рөлі жоқ тапсырыс беруші, «Ұйым профиліндегі» ақпаратты тек қарастыра алады. Бөлімге өзгерсітер енгізу мүмкіндігі болмайды.
«Ұйым профилінде» мекеме туралы ақпарат көрсетілген. Мекеменің БСН/ЖСН нөмірі, қазақ және орыс тілінде мекеменің атауы, заңды мекен-жайы, телефон және басқа да ақпарат болады.

1733470695557-488.png

Деректерді жаңарту: «Администратор» рөліндегі тапсырыс беруші, мекеменің ақпаратын «Деректерді жаңарту» батырмасы арқылы жаңарта алады.
Нәтижесінде, жүйе, ақпараттың өзектілігін тексеріп, қажетті жағдайда мекеме туралы жаңартылған ақпаратты көрсетеді.
1733470797256-752.png

Шарт-оферта: Шарт-офертаны қарастыру үшін, қажетті гиперсілтемені басу қажет. Қалқыма терезе, шарт-офертаның ағымдағы нұсқасы мен алдыңғы басылымдар арасында таңдауға мүмкіндік береді. Сіз керекті басылымды, сәйкес қалқыма мәзірден таңдай аласыз.
1733470891661-672.png
Келісімшарт қазақ және орыс тілінде қол жетімді. Келісімшартты қарастыру немесе жүктер алдында, қажетті тілді таңдау қажет. Келісімшартты ашу үшін, «Шарт-оферта» сілтемесін басып, таңдалған нұсқамен ашылған жаңа терезеде таныса аласыз.
1733470944355-249.png
Ұйым профилі ақпаратын түзету
Ұйым профиліне өзгертулер енгізу үшін, «Редакциялау» батырмсын басу қажет. Осы батырма, тек «Администратор» рөлі бар, тапсырыс берушіге көрсетіледі.
Келесі ақпаратқа өзгерту енгізе аласыз:

  • Телефон;
  • Заңды мекен-жай;
  • Қысқаша атауы.

1733471063959-147.png
Сәйкес өзгертулер енгізілгеннен кейін, «Сақтау» батырмасын басу қажет.
1733471156480-327.png

​​​