Әмияннан қаражатты қайтару
2025 жылдың 1 маусымынан бастап жеткізушілер өздерінің жеке кабинеті арқылы қаражатты автоматты түрде қайтару өтінімін рәсімдей алады.
Қаражатты қайтару өтінімін беру үшін жеткізуші "Жеткізуші кабинеті" бөліміне, одан кейін "Жеткізуші шоты" – "Қаражатты қайтару" бөліміне өтуі қажет.

Ашылған бетте "Қайтарымды рәсімдеу" батырмасын басу қажет.
Осыдан кейін жүйе өтінім формасына бағыттайды.
Бұл формада ұйым туралы : БСН/ЖСН, атауы, БИК, заңды мекенжайы, сондай-ақ көрсетілген ИИК нөміріне сәйкес алушы банкі мәліметтері автоматты түрде толтырылады
Одан кейін есепшот нөмірін (ИИК), КБЕ, қайтарым сомасын және телефон нөмірін көрсету қажет. КБЕ мәнін ашылмалы тізімнен таңдауға болады.
Сондай-ақ, өтінімде көрсетілген банк шотының бар екендігін растайтын анықтаманы тіркеу қажет. Құжат форматы: .jpg, .jpeg, .png немесе .pdf, көлемі 20 МБ-тан аспауы тиіс.
Маңызды! Қайтарылатын сома Omarket электрондық әмиянындағы қолжетімді қалдықтан аспау керек.
Барлық өрістерді толтырғаннан кейін өтінімді растау үшін құсбелгіні қою қажет және жүйеге кірген қызметкердің ЭЦҚ-сын пайдаланып қол қою керек.

Осы кезде жүйе компьютерде орнатылған және іске қосылған NCALayer бағдарламасының бар-жоғын тексереді.
Сәтті қол қойылғаннан кейін өтінім автоматты түрде бухгалтерияға қаралуға жіберіледі.
Ақшаны қайтаруға сұраныс жіберілгеннен кейін «Қаражатты қайтару» бөлімінде өтінім «Қаралуда» деген мәртебемен көрсетіледі.
Өтінім сәтті өңделген жағдайда оның мәртебесі «Өңделді» деп өзгертіледі.
Өтінім қабылданбаған жағдайда оның мәртебесі «Қабылданбады» деп өзгертіліп, кері қабылданбау себебі көрсетіледі.

Өтінімді қарау мерзімі 3 жұмыс күнін алады.