Тауарларды жүктеу
Last modified by Бибінұр Әбілғазиева on 29.08.2024
Тауарларды жүктеу - OMarket.kz сауда алаңында жаңа тауарларды басқаруға және жариялауға арналған бөлім.
Өнім беруші осы бөліммен өнім беруші кабинетінде «Тауарларды қосу - бұдан әрі Тауарларды жүктеу» бетінде таныса алады.
Бұл бетте келесі бөлімдер бар бар: «Жарияланған», «Өңдеуді күтеді», «Түзетулер қажет», «Қабылданбаған» және «Шимайжазбалар».
Қосымша беттердiң атауларында белгiленген сандар әрбiр қосымша бетте бар тауарлар санына тең. Әрбiр қосымша бетте қосылған тауарлар туралы егжей-тегжейлi мәлiметтер және тауардың атауын, тауардың санатын, өтінімнің жiберiлген күнiн және басқаларды қоса алғанда, олардың мәртебелерi көрсетiледi.
- Жарияланған: Осында модерациядан сәтті өткен және OMarket.kz сайт каталогында жарияланған тауарларды көруге болады.
Жарияланған бөлімінде келесідей бағандар көрсетілген: ID, Тауардың атауы, Жүктеу күні, Жауап беру күні.
ID - Омаркет сайтының каталог жүйесінде жүктелген тауардың нөмірленуі. Тауардың атауы - жүктелген тауардың атауы. Жүктеу күні - жүктелген тауардың күні. Жауап беру күні - мамандардың тауарды өңдеу күні. - Өңдеуді күтеді: Омаркет Каталогы модераторларының тексерісіндегі тауарлар.
Өңдеуді күтуде бөлімінде келесідей бағандар көрсетілген: ID, Тауардың атауы, Жүктеу күні, Қалған уақыт, Әрекет.
Қалған уақыт - тауарды тексеру үшiн қалған уақыт мерзiмi. Омаркетте тауарды өңдеу мерзімі жүктеу күнін, демалыс және мереке күндерін есептемегенде 5 жұмыс күнін құрайды.
Іс-әрекет - бұл бөлімде өнім берушіге өтінімді кері қайтарып алуға болады. - Түзетулер қажет: Модератор тексергеннен кейін өнім берушіден түзетулерді талап ететін тауарлар.
Түзетулер қажет бөлімінде келесідей бағандар көрсетілген: ID, Тауардың атауы, Жүктелген күні, Жауап берілген күні, Қалған уақыты, Тарихы, Ескертпелері және Іс-әрекеттері.
Тарих - осы бөлімде тауарды модерациялау тарихы және қажетті өзгерістер туралы деректер көрсетілген. Әрекет - бұл бөлімде жеткізушіге өтінімді редакциялау қолжетімді. Ескертпелер - осы бөлімде осы өтінімге барлық ескертпелер көрсетілген.