Тауарларды жүктеу

Last modified by Бибінұр Әбілғазиева on 06.09.2024

Тауарларды жүктеу - OMarket.kz сауда алаңында жаңа тауарларды басқаруға және жариялауға арналған бөлім. 
Өнім беруші осы бөліммен өнім беруші кабинетінде «Тауарларды қосу - бұдан әрі Тауарларды жүктеу» бетінде таныса алады.
1724932880505-241.jpg

Бұл бетте келесі бөлімдер бар бар: «Жарияланған», «Өңдеуді күтеді», «Түзетулер қажет», «Қабылданбаған» және «Шимайжазбалар».
Қосымша беттердiң атауларында белгiленген сандар әрбiр қосымша бетте бар тауарлар санына тең. Әрбiр қосымша бетте қосылған тауарлар туралы егжей-тегжейлi мәлiметтер және тауардың атауын, тауардың санатын, өтінімнің жiберiлген күнiн және басқаларды қоса алғанда, олардың мәртебелерi көрсетiледi.
1724933535614-861.jpg

  • Жарияланған: Осында модерациядан сәтті өткен және OMarket.kz сайт каталогында жарияланған тауарларды көруге болады.
    Жарияланған бөлімінде келесідей бағандар көрсетілген: ID, Тауардың атауы, Жүктеу күні, Жауап беру күні.
    ID - Омаркет сайтының каталог жүйесінде жүктелген тауардың нөмірленуі. Тауардың атауы - жүктелген тауардың атауы. Жүктеу күні - жүктелген тауардың күні. Жауап беру күні - мамандардың тауарды өңдеу күні.
  • Өңдеуді күтеді: Омаркет Каталогы модераторларының тексерісіндегі тауарлар.
    Өңдеуді күтуде бөлімінде келесідей бағандар көрсетілген: ID, Тауардың атауы, Жүктеу күні, Қалған уақыт, Әрекет.
    Қалған уақыт - тауарды тексеру үшiн қалған уақыт мерзiмi. Омаркетте тауарды өңдеу мерзімі жүктеу күнін, демалыс және мереке күндерін есептемегенде 5 жұмыс күнін құрайды.
    Іс-әрекет - бұл бөлімде өнім берушіге өтінімді кері қайтарып алуға болады.
  • Түзетулер қажет: Модератор тексергеннен кейін өнім берушіден түзетулерді талап ететін тауарлар.
    Түзетулер қажет бөлімінде келесідей бағандар көрсетілген: ID, Тауардың атауы, Жүктелген күні, Жауап берілген күні, Қалған уақыты, Тарихы, Ескертпелері және Іс-әрекеттері.
    Тарих - осы бөлімде тауарды модерациялау тарихы және қажетті өзгерістер туралы деректер көрсетілген. Әрекет - бұл бөлімде жеткізушіге өтінімді редакциялау қолжетімді. Ескертпелер - осы бөлімде осы өтінімге барлық ескертпелер көрсетілген.
  • Қабылданбаған: Белгілі бір критерийлер бойынша модерациядан өтпеген тауарлар.
    Қабылданбаған бөлімінде келесідей бағандар көрсетілген: ID, Тауардың атауы, Жүктелген күні, Жауап берілген күні, Қателер, Әрекет. 
    Қателер - осы бөлімде тауарды қабылдамау себебі көрсетілген.
    Іс-әрекет - бұл бөлімде өнім берушіге бас тартылған тауардың үлгісі бойынша жаңа өтінім жасау қолжетімді.
  • Шимайжазбалар: Одан әрі редакциялау үшін қолжетімді модерацияға жіберілмеген тауарлар.
    Шимайжазбалар бөлімінде келесідей бағандар көрсетілген: ID, Тауардың атауы, Жүктелген күні, Жауап берілген күні, Кері қайтарып алынған күні, Әрекет.
    Қайтарып алу күні - осы бөлімде өтінімді қайтарып алу күні көрсетілген.
    Әрекет - бұл бөлімде жеткізушіге өтінімді өңдеуге немесе жоюға болады.

Сондай-ақ осы бетте «Сүзгі» және «Тауар қосу» батырмалары бар.

1725604472573-809.jpg

Сізге қажетті тауарды іздеу үшін «Сүзгі» функциясын пайдалануға болады. Сүзгі бөлімінде тауарды атауы бойынша, қосылған тауардың санаты бойынша және тауарды қосу күні бойынша іздеуге қол жетімді.

1725604919866-735.jpg

«Тауарды қосу» - осы батырма арқылы өнім берушіге жаңа тауарды жүктеп, оны тексеруге жіберуге болады.

1725605297733-269.jpg

«Тауарды қосу» батырмасын басқан кезде жүйе жүктелетін тауардың санаты мен кіші санатын таңдау қажет болатын терезені көрсетеді. Мысалы: Аудио, Бейне, ТВ - Аудиотехника - Құлаққап тұғыры.
1725614716496-385.jpg

Бұдан әрі жүйе тауарды қосу үшін Өнім беруші толтыруы қажет тауардың қажетті сипаттамалары бар бетті көрсетеді.
Назар аударыңыз! * белгіленген жолдар толтыру үшін міндетті болып табылады. Қалған жолдарды да толтыру қажет, себебі бұл ақпарат өтінімді қарау үшін қажет.
1725618465018-260.jpg