Дистрибьютор / дилер мәртебесін растау
Last modified by Zhannur Murat on 06.01.2026
«Ресми дистрибьютор» белгісін алу үшін өтінім беру тәртібі
Тауарға «Ресми дистрибьютор» белгісін алу үшін өтінім тауар карточкасы арқылы рәсімделеді.
Ол үшін OMarket.kz тауарлар каталогына өтіп, қажетті тауардың карточкасын ашыңыз.
«Мен дилермін/дистрибьютормын» батырмасын басыңыз.
«Мен ресми дистрибьютор/дилермін» батырмасын басу арқылы тауарға өтінім жіберген кезде жаңа міндетті өрістер қосылады.
Аталған өрістер толтырылмаған жағдайда өтінім құрылмайды.