Ресми дистрибьютор мәртебесін алу
Егер сіз ресми дистрибьютор болсаңыз, quality@omarket.kz поштасына растайтын құжаттарды жіберіңіз, және жіберілген құжаттар модераторлар тарапынан қаралатын болады. Қажетті құжаттар толық болған жағдайда, модераторлар "Ресми дистрибьютор" деген мәртебесін сізге тағайындайды, содан кейін тауарларды басқару мүмкіндігі қолжетімді болады.
Дистрибьюторлықты растайтын құжаттар - келесі құжаттардың бірі болуы тиіс: дистрибьюторлық келісімшарт, дистрибьютор сертификаты немесе өндірушіден дистрибьютор мәртебесін растайтын хат.
Маңызды! Тауар өндіруші берген құжатта сіз нақты дистрибьютор екенін, дилер/өкіл емес екендігін көрсетуі қажет. (Мысалы: егер бұл келісімшарт болса, онда дистрибьюторлық келісімшарт болуы тиіс, жеткізу келісімшарты емес. Құжат өндірушіден ұсынылуы қажет, дистрибьютордан немесе субдистрибьюторлық құжаттар қаралмайды.)
- Құжатта өндірушінің байланыс мәліметтері көрсетілуі қажет.
- Дистрибьюторлық сертификат немесе өндірушіден хат фирмалық бланкте жазылып, мекеме мөрі мен басшының қолы болуы тиіс.
- Ресми дистрибьюторлық келісімшартта да мекеме мөрі мен басшының қолы қойылуы керек.
Құжатты алғаннан кейін, ұсынылған ақпаратты тексеру үшін өндірушіге сұрау жіберілуі мүмкін. Сондықтан сұрауды өңдеу мерзімі өндірушіден жауап алынғанға дейін 5 жұмыс күні және одан да көп уақытты алады, .
"Ресми дистрибьютор" мәртебесін алғаннан кейін, тек мәртебеңіз расталған тауарлар бойынша ғана сұраулар жіберу қажет. Мәртебесі расталмаған тауарларға сұраулар жіберудің қажеті жоқ, дистрибуцияға арналған құжаттары жоқ тауарлар бойынша өтініштер қабылданбайды.
"Ресми дистрибьютор" белгісін алу үшін өтініш беру.
Тауар карточкасында дистрибьюторлыққа өтініш жасау.
Тауарды дистрибуциялауға өтініш беру үшін, omarket.kz тауарлар каталогына өтіп, тауар карточкасына кіріңіз.
"Мен ресми дилермін/дистрибьютормын" батырмасын басыңыз.
Ашылған бетте «Мен тауардың ресми дистрибьюторымын» типін және сату аймақтарын таңдаңыз, содан кейін «Өтінімді жіберу» батырмасын басқан кезде өтініш модераторларға қарауға жіберіледі.
Ескерту: Сату аймақтарын таңдау тек 43 ірі қалада жүзеге асырылуы мүмкін. Басқа елді мекендерде тек дистрибьютор мен оның дилерлерінің сатуға қатысты шектеулер жоқ, бұл шешім шағын елді мекендердегі тапсырыс берушілерге тауарды сатып алу мүмкіндік беру үшін жасалынған.
Дистрибьюторлық мәртебе жүзеге асатын қолжетімді 43 аймақ тізімі:
| КАТО | Аймақтар |
| 790000000 | г.Шымкент |
| 750000000 | г.Алматы |
| 710000000 | г.Астана |
| 101010000 | г.Семей |
| 101810000 | г.Курчатов |
| 103620100 | г.Аягоз |
| 111010000 | г.Кокшетау |
| 111610000 | г.Косшы |
| 111810000 | г.Степногорск |
| 151010000 | г.Актобе |
| 191010000 | г.Қонаев |
| 231010000 | г.Атырау |
| 271010000 | г.Уральск |
| 311010000 | г.Тараз |
| 331010000 | г.Талдыкорган |
| 331810000 | г.Текели |
| 351010000 | г.Караганда |
| 351610000 | г.Балхаш |
| 352110000 | г.Приозерск |
| 352210000 | г.Сарань |
| 352410000 | г.Темиртау |
| 352810000 | г.Шахтинск |
| 391010000 | г.Костанай |
| 391610000 | г.Аркалык |
| 392010000 | г.Лисаковск |
| 392410000 | г.Рудный |
| 431010000 | г.Кызылорда |
| 431910000 | г.Байконыр |
| 471010000 | г.Актау |
| 471810000 | г.Жанаозен |
| 551010000 | г.Павлодар |
| 551610000 | г.Аксу |
| 552210000 | г.Экибастуз |
| 591010000 | г.Петропавловск |
| 611010000 | г.Туркестан |
| 611610000 | г.Арысь |
| 612010000 | г.Кентау |
| 621010000 | г.Жезказган |
| 621810000 | г.Каражал |
| 622010000 | г.Сатпаев |
| 631010000 | г.Усть-Каменогорск |
| 632410000 | г.Риддер |
| 634820100 | г.Алтай |
"Ресми дистрибьютор" белгісі бар тауарға сауда ұсынысын жариялау үшін рұқсат алу:
Егер тауарда "Ресми дистрибьютор" белгісі бар болса және тауарға баға ұсынысын жариялау мүмкіндігі жоқ болса, өз сауда ұсынысыңызды жариялау үшін екі жол бар:
- Ресми дистрибьюторға жүгіну, дистрибьютор сізді дилерлер қатарына қосу мүмкіндігіне ие. Байланыс деректері сауда ұсынысын өңдеу кезінде көрсетіледі.
- quality@omarket.kz электронды поштасына келесі ресми растайтын құжаттардың бірін жіберу:
- Дилер сертификаты
- Өндірушіден немесе дистрибьютордан жеткізу келісімшарты, тауарды босатуға арналған жүкқұжат.
Дилерлік өтінішті рәсімдеу үшін:
Тауарға дилерлік өтініш беру үшін omarket.kz тауарлар каталогына өтіп, тауар карточкасына кіріңіз.
"Мен ресми дилермін/дистрибьютормын" батырмасын басыңыз. 
Ескерту! Өтінішті тек "Дистрибьютор" белгісі бар тауарларға және расталған құжаттары бар тауарларға ғана жіберіңіз. Белгіленген брендтерге сәйкес келмейтін өтініштер қабылданбайды.
«Мен тауардың дилерімін» типін таңдаңыз және сату аймақтарын көрсетіңіз. Содан кейін «Өтінімді жіберу» батырмасын басқан кезде өтініш модераторларға қарауға жіберіледі.

Ескерту: «Өндірушіден тікелей дилер» типіндегі тауарларға «Менің дилерлерім» функционалы қолжетімді емес. Өтініш расталғаннан кейін, жеткізушіге ресми дистрибьютордан шектеулер бар тауарларға ғана сауда ұсынысын жариялау мүмкіндігі беріледі.