Нормативтік құқықтық актілер(НҚА)
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары
20) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 № 809 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20) электрондық сауда алаңы – электрондық дүкенде тауарлар мен олардың бағалары туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін уәкілетті органның келісімі бойынша бірыңғай оператор айқындайтын талаптарға сәйкес келетін ақпараттық жүйе;
3-параграф. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде демпингтік бағаны айқындау тәртібі
99-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 № 809 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
99. Егер әлеуетті өнім берушінің электрондық дүкенде орналастырылған тауарға баға ұсынысы көрсетілген тауарға ақпарат орналастырған әлеуетті өнім берушілердің барлық баға ұсыныстарының орташа арифметикалық бағасынан отыз пайыздан астам төмен болса, ол демпингтік деп танылады.
Мұндай баға ұсынысын электрондық дүкен Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес автоматты түрде қабылдамауға тиіс.
14-тарау. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
429. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады. Бұл ретте электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алудың мәні тауар болып табылады.
430. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу бірыңғай оператор қалыптастыратын тауарлардың электрондық каталогын пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары негізінде жүзеге асырылады.
431. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу тапсырыс арқылы жүзеге асырылады, онда келесі мәліметтер болуы керек:
1) бөлінген сомаларды көрсете отырып, өткізілетін мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылатын тауардың маркасы мен саны;
2) сатып алынатын тауардың толық сипаттамасы;
3) тауарды жеткізу орны және тауарды жеткізу шарты;
4) тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімдері;
5) қосалқы қызметтер.
Бұл ретте, әлеуетті өнім берушінің тапсырысты растауы тапсырыста және шарттың үлгілік жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді жүзеге асыруға оның келісімін білдіру нысаны болып табылады.
432. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын біртекті тауарларға жүргізіледі.
Электрондық дүкен арқылы әдісті қолдану мақсатында қаржы жылы ішінде біртекті тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін олардың біреуінің мөлшері осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделгеннен аз бөліктерге бөлуге жол берілмейді.
14-тарауды 432-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 № 809 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
433-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 № 809 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
433. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу мынадай ретпен жүзеге асырылады:
1) тапсырыс беруші электрондық дүкенде өзінің талаптарына сай келетін тауарды таңдайды және осындай тауарды сатып алуға тапсырысты ресімдейді;
2) электрондық дүкенде тауарлар және олардың бағалары туралы ақпаратты орналастырған әлеуетті өнім беруші тапсырысты растау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды;
3) әлеуетті өнім беруші тапсырысты растаған жағдайда веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.
434. Тапсырыс беруші таңдаған тауарға тапсырысты ресімдеуге осы Қағидалардың 442-тармағында көзделген шектеулері жоқ екі әлеуетті өнім берушінің қолданыстағы кемінде екі баға ұсынысы болған кезде жол беріледі.
Бұл ретте тауар туралы ақпарат электрондық дүкенде орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін электрондық дүкенде тапсырысты ресімдеу үшін қолжетімді болады.
435-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 № 809 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
435. Электрондық дүкен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстырады және тапсырысты тауардың бағасы межелі пунктке дейін жеткізу құнын ескере отырып, ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім берушіге жібереді.
Егер тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды электрондық дүкен арқылы жүзеге асырған кезде тауарды өзі алып кету жолымен жеткізу тәсілін таңдаса, электрондық дүкен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстырады және тапсырысты тауардың бағасы межелі пунктке дейін жеткізу құнын есепке алмағанда, ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім берушіге жібереді.
14-тарауды 435-1, 435-2 және 435-3-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 № 809 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
436. Тапсырысты әлеуетті өнім беруші хабарламаны жұмыс күндері жұмыс уақытында жіберген сәттен бастап 3 (үш) сағат ішінде (Астана қаласының уақыты бойынша 09.00-ден 18:00-ге дейін) расталады. Егер тапсырысты растау туралы хабарлама Астана уақытымен сағат 15:00-ден кейін жіберілсе, сағат 18:00-де тоқтайды. Тапсырысты растау үшін қалған уақыт келесі жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09:00-ден бастап қайта басталады.
437. Әлеуетті өнім беруші тапсырысты растаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
438. Тапсырыс беруші электрондық дүкенде бір тапсырыста бірлесіп қолданылатын, біріктірілген лотқа енгізілетін тауарлардың бірнеше түрін таңдауға құқылы және тапсырыстағы тауарлардың ең аз жиынтық құнын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
439-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 № 809 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
439. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша:
1) тапсырыс беруші Заңда және осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен және мерзімдерде осы Қағидалардың 18-тарауының 1-параграфына сәйкес веб-портал арқылы үлгілік шарт жасасады.
Бұл ретте шартқа қосымша болып табылатын техникалық ерекшелік электрондық дүкенде орналастырылған фотосуреттерді қоса алғанда, тауардың барлық техникалық сипаттамалары негізінде қалыптастырылады;
2) есеп автоматты түрде қалыптастырылады, онда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесі, оның ішінде тауарлар мен олардың бағалары туралы ақпаратты электрондық дүкенге орналастырған әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер тіркеледі. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу туралы есеп осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады. Бұл ретте есеп мәліметтерін веб-портал мемлекеттік сатып алу мәртебесінің, оның ішінде шарттың орындалу мәртебесінің өзгеруіне қарай автоматты түрде жаңартады.
440. Бір тапсырыста әртүрлі қаржы кезеңдерінде қаржыландыру көзделген тауарларды көрсетуге жол берілмейді.
441-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 № 809 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
441. Егер тапсырыс баға ұсыныстары бірдей бірнеше әлеуетті өнім берушілермен расталса, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын орналастырылған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
442-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 № 809 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
442. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын электрондық дүкенде мынадай жағдайларда автоматты түрде қабылданбауы тиіс:
1) егер тауар құны сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кетсе;
2) Заңның 7-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген;
3) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы осы Қағидалардың 99-тармағына сәйкес демпингтік баға деп танылды;
4) әлеуетті өнім берушімен электрондық дүкен арқылы сатып алуға қатысу үшін өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеу.
Өзге негіздер бойынша баға ұсыныстарын қабылдамауға жол берілмейді.
443-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 № 809 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
443. Белгіленген мерзім ішінде әлеуетті өнім беруші тапсырыс беруден бас тартқан немесе растамаған жағдайда, не әлеуетті өнім беруші өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, тапсырыс тауардың бағасы тауарды межелі пунктке дейін жеткізу құнын ескере отырып, ең төмен бағадан кейінгі болып табылатын әлеуетті өнім берушіге автоматты түрде жіберіледі.
444. Егер екі жұмыс күні ішінде тапсырысты әлеуетті өнім берушілердің бірде-бірі растамаса, электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады.
445. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші мынадай:
1) электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;
2) мемлекеттік сатып алуды Заңның 10-бабында айқындалған өзге де бәсекелес тәсілдермен жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
446. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі талаптар құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын шарттар бойынша өнім берушілерге қолданылмайды.
538. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап мыналарға:
1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілердің кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйді;