3.2 Кіру
Жеке кабинетке кіру үшін басты бетте оң жақ жоғарғы бұрышта орналасқан «Кіру» батырмасын басу қажет.
Сізге «Логин және құпиясөз» арқылы немесе «ЭЦҚ» арқылы кіру қолжетімді.

Логин және құпиясөз арқылы кіру кезінде логин мен құпиясөзді енгізіп, «Кіру» батырмасын басыңыз.

ЭЦҚ арқылы кіру кезінде «ЭЦҚ сертификатын таңдау» батырмасын басыңыз.

Осы кезде NCALayer қосымшасының терезесі ашылады. Ашылған терезеде компьютеріңіздегі ЭЦҚ кілтінің жолын көрсету қажет. «Сақтау орны» өрісінің оң жағындағы
белгішені басу арқылы сертификат жолын өзгертуге болады.
Содан кейін ұйым атынан кіретін қызметкердің GOST-файл түріндегі ЭЦҚ кілтін таңдаңыз.
Кейін «Құпиясөз» өрісіне ЭЦҚ-ның құпиясөзін енгізіп, «Ашу» батырмасын басыңыз.

Экранда қалқымалы терезе ашылады, онда кілтті таңдап, «Қол қою» батырмасын басу қажет.

Осыдан кейін жүйе автоматты түрде кіруді жүзеге асырады.
Егер сіз логин мен құпиясөз арқылы кіру үшін құпиясөзіңізді ұмытқан болсаңыз, келесі қадамдарды орындауыңыз қажет:
1. Басты бетте оң жақ жоғарғы бұрышта орналасқан «Кіру» батырмасын басыңыз.

2.Логин мен құпиясөзді енгізу өрістерінің астында орналасқан «Құпиясөз есімде жоқ» батырмасын басыңыз.

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін поштаңызды енгізіңіз және «Құпиясөзді қалпына келтіру сілтемесін жіберу» батырмасын басыңыз.
Осыдан соң поштаңызға құпия сөзді қалпына келтіретін сілтеме келеді, және сол сілтеме арқылы жаңа құпия сөзді қоя аласыз.
Құпия сөзді өзгерткен соң кіру жұмысын жасаңыз.